Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Бауырдың созылмалы ауруларын зерттеді

1237 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Бауырдың созылмалы ауруларын зерттеді

Жуырда Алматыда Дү­ние­жүзілік гепа­титпен күрес кү­нінің аясында бауырдың алко­гольді емес майлануы ауруын (БАЕМА), метаболизмдік син­дромды (көмірсутек-май алмасуы­ның бұзылуын) диагностикалау және аурудың даму қаупінің факторларын анықтау мақсатында Алматы қала­сы тұр­ғындарының арасында өткен зерт­теудің нәтижелері жария­ланды. Зерттеу жұмыстары «Санофи Қазақ­стан» компа­ниясының демеуімен, Кар­дио­логия және ішкі аурулар ғы­лыми-зерттеу институты және Қазақ бауырды зерттеу бойын­ша қауым­дастығының бас­та­масымен жүргізіл­ген. Зерттеу екі кезеңнен тұрды. Алғаш­­қы кезеңде БАЕМА және мета­болизм­дік синдром қаупінің фактор­ларын анықтау мақсатында сауалнама ұйымдастырылды. Екінші кезеңде тәуекел айма­ғындағы пациенттер қосымша зертханалық-құрал-саймандық тексеруге жіберілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары дәре­желі дәрігер, «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі Александр Нерсесов ұсынды. «Зерттеуге 450-ге жуық адам қатысты. Нәтижелерге сәйкес тексеруден өткен адамдардың 25,3%-де артық салмақ, семіздік, күре­тамырлы қысымның көте­рілуі және осы секілді 2 немесе одан көп қауіп факторы анық­талды. Олардың ішінде көбінесе ер адамдарда кездесетін (55%) артық салмақ немесе семіздік (43%-ке дейін) анағұрлым ма­ңыздырақ болды. Оған қоса, зертханалық зерттеулер барысында май алмасудың бұзылуы (дислипидемия 84%-ке дейін), бауыр жасушаларында май қыртыстарының пайда болуы (81%-де стеатоз) және бауыр тіндерінің қалыңдап қатаюы (64%-де фиброз) жиі кездесті», дейді ол.

Сондай-ақ профессор Нерсе­сов тәуе­кел тобында енжар тынығатын адам­дар (30%) көп болғанын, ал қауіп фак­­торлары анықталмаған топта орта­ша жүк­­темесі бар адамдар (жүру – 46%) бол­ғанын атап өтті. Осы нәти­­желер Алматы қаласы тұрғын­­да­рының арасында бауырдың созыл­малы ауру­ларының таралуы бойынша ағым­дағы жағдайды бағалауға мүмкіндік беріп, скринингтің оңтайлы алгоритмін құруға және ауруды азайту бойынша тиімді шаралар қолдануға ықпал етті.

БАЕМА бауыр ауруларының ішін­дегі ең кең таралғаны болып есептеледі. Себебі бұл әлем халқының – 20%-інен бастап 46%-іне дейін, ал Қазақстандағы халықтың 40%-тен артығын қамтиды. БАЕМА ауруының негізінде дұрыс та­мақ­танбау және дене қозғалысының аз­дығы нәтижесіндегі зат алмасудың бұзылуы жатыр. Осыған байланысты саламатты өмір салты регрессияға ықпал етіп, аурудың бастапқы кезеңдерінде сауы­ғып кетуге әкелетін емделудің негізі болмақ.

«Метаболизмдік синдром мен бауыр қайғылы жағдайға душар етеді. Себебі артық салмақ пен семіздік – БАЕМА дамуының ең негізгі факторларының бірі. 1975 жылдан бастап 2016 жылға дейін әлем бойынша семіздіктен зардап шегетін адамдардың саны үш еседен артық өсті. 2016 жылы жасы 18-ден асқан 1,9 миллиард ересекте артық салмақ болды, ал олардың 650 миллион­нан астамы семіздіктен зардап шеккен. Дене салмағын төмендету үшін өмір салтын өзгерту қажет. Физикалық бел­сенділікті көбейтіп, тамақта­нуды түзету  және психо­логиялық демеу жасау қажет», дейді жоғары дәрежелі дәрігер, «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» Терапия бөлімінің меңгерушісі Айгүл Раисова.

Ал Қазақстан артерия­лық гипер­тония және кардио­васкулярлық профилактика бойынша қауымдасты­­ғының вице-президенті Мейрамгүл Тұн­ды­баева бауыр мен жүрек саулығы арасын­да­ғы байла­нысқа баса назар аударды. «Жү­рек пен бауыр арасын­дағы байла­ныс БАЕМА кезінде тамырдың ерте тозуы­на әкеледі: бұл артериялық қысым­ның жоғарылауы, жүрек күрета­­­мырла­рындағы қысымның төмен­деуі миокард ишемиясына (жүрек бұлшықетін қанмен қамтамасыз ету­дің төмендеуіне), сонымен бірге гемо­динамиканың (қанның тамырлар бойымен қозғалысының) өзгеруіне әкеледі. Бұдан басқа, жүрек пен бауыр арасындағы байланыс атеросклероздың және тромбоздың дамуынан білінуі мүмкін. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, салмақты қадағалап, дәрігерге уақытында бару өте маңыз­ды», дейді М.Тұндыбаева.

Сондай-ақ шараға белгілі қазақ­стандық спортшы, пауэрлифтинг бо­йынша Әлем, Азия және Еуропаның екі дүркін чемпионы, бодибилдинг бойынша ел чемпионы Валихан Тен де қатысты. Спорт және тамақтану туралы «Другой ты!» кітабының авторы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы мен ережелері туралы әңгімелеп, өзінің спорттағы жетістіктерімен бөлісті.

Шара аясында барлық қатысу­шы­ларға InBody 770 соңғы буындағы кәсіби медициналық дене талдағышының көмегімен өз ағзасының жай-күйін тегін тексеруден өткізу ұсынылды. Бір процедурадан өткенде-ақ аспап ағзадағы май мен сұйықтық мөлшері, бұлшықет және сүйек салмағы, жасушаішілік және жасушадан тыс судың мөлшері тура­лы дәл көрсеткіштер және одан бас­қа көптеген маңызды ақпарат береді.

 

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»