Жетісу әншілік мектебінің көрнекті өкілі, суырыпсалма ақын әрі композитор, әнсүйер қауым жақсы білетін «Сары бидай» әнінің авторы Садықожа Мошанұлы – бұрын өткен Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Естай, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Әсет Найманбаев, Кенен Әзірбаев секілді сегіз қырлы, бір сырлы өнер иелерінің дәстүрін жалғастырушы әнші-ақындардың бірі.

Ол 1917 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылдық округі аумағында Сарыбұлақ деген жерде өмірге келген. Композитордың бізге жеткені жеті әні ғана. Олар: «Сары бидай», «Ахау, айым», «Ей, ахау», «Ақ қаз едің», «Ахау, қалаулы-ай», «Еркем-ай», «Сағынсаң, қалқа, өзің кел». Сұлу сазды, әсем өрнекті бұл әндер қазақ ән өнері тарихына зор үлес болып қосылып, ұлттық мұрамызды дамытуға қызмет атқарып келеді. «Сары бидай» әні 1980 жылы өткен I Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы әншілер байқауында алғаш рет үлкен сахнада айтылып, орындаушы Талдықорған облыстық филармониясының әншісі Жақсылық Мырқаев жүлдегер атанды. Садықожа әндері Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтан бастап, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Жәнібек Кәрменов, Рамазан Стамғазиев, сондай-ақ Нұржан Жанпейісов, Ерболат Шалдыбеков, Тілектес Құрманғалиев, Жайдар Нұртуған, Жандос Кәкиғали, Мәди Әлемов, Нұржан Жұмаділов, Нұрлан Тұрашев, Бейбіт Мұсаев, Саян Майнағашев, Арфат Искаков, т.б. көптеген әншілердің репертуарларынан берік орын алды. Садықожаның нәзік лиризмге толы әсерлі де сұлу әндері тыңдаушыларын тәтті сезімге бөлеп, рухани байытып келе жатқаны көпке аян.
Шежіре жүйесімен айтқанда Садықожаның руы – Албан, оның ішінде Қожбамбеттен тарайтын Ағымсары деген ата. Әкесі Мошан Текесбайұлы ауыл-аймаққа танымал өлеңші атанған, көкпаршылығымен аты шыққан, кісілік келбетімен де елге сыйлы адам болған. Ал арғы бабасы – Шегір заманында Ағымсары аталатын бір атаның көрнекті биі де болыпты. Садықожаның шешесі Зербала өте көрікті, парасаты да мол әрі айбынды кісі екен. Зербаланың арқасы бар, емшілік қасиет дарыған, халықтық емдеу тәсілінің біразын игерген жан болыпты.
Зербаланың айбыны, пірі барлығы сонша, қандай асау жылқы болса да, оның «тәк» деген даусы шығысымен-ақ дірілдеп, тыныш тұра қалатын болған. Ер мінезді, батыр жүректі Зербала қорықпай ерттелген асауға мінгенде тез арада асаудың аптығы басылып, арынын шығарып ырқына оп-оңай көндіріп, бас білдіріп алады екен.
Садықожа жасынан өлең, жырға әуес болып өседі. Есте сақтау қабілеті күшті, өте зейінді Садықожа өлең-жырды, ән-әуенді бір естігенде-ақ есінде сақтап жаттап алады. Алайда осынша зерек туған жастың оқып, білім алуға мүмкіндігі болмайды. Өйткені әкесі Мошан қайтыс болып, інісі Әбілқайыр екеуі жастай жетім қалған еді. Жесір қалған шешесі Зербала бір-екі жылдан кейін әмеңгерлік жолмен қайнысы Қожаниязға қосылып, екі бала қамқорлыққа қол жеткізгенімен ол кезде Қазақстан өлкелік партия басшылығына Голощекин келіп, «Кіші Октябрь орнату» науқаны жүзеге аса бастаған еді. Оның аяғы асыра сілтеуге ұласып, халықтың ашаршылыққа ұшырап, туған жерді тастай қашып, аяқ жетер жерге үдере көшкені тарихтан белгілі. Міне, сол үдере көшкен қалың елдің арасында Садықожаның ауыл-аймағы да бар еді. Сөйтіп тұтас халық, рулы елдің шетелдегі ауыр азапқа толы жанкешті тіршілігін әлі буыны бекіп, қабырғасы қатпаған Садықожа да бастан кешіреді. Балдәурен, балалық шағымен ерте қоштасқан ол ендігі өмірін, ертеден-ақ өз жері ретінде қазақтың біраз рулары қоныстанып отырған, алайда соңғы бірер ғасыр аумағында Қытай мемлекетінің ішіндегі қазақ автономиялы облысы деп аталатын территорияда өткізе бастады.
Кісі есігінде малшылықта жүрсе де, Садықожа өнерге деген құлшынысын жоғалтпады. Қайта күндіз қой соңында жүргенде алдындағы отарын беткейге өргізе жайып салған соң тау жаңғырта ән салып, өзі сияқты қойшы-қолаңмен көңіл сергіте өнер жарыстыру нәтижесінде әншілік, ақындық дарыны ашыла береді. Ауыл арасындағы той-томалақтарда көпшілік алдында ән салып, өзі құрбылас қыздармен, кейде тіпті өзінен әлдеқайда ересек әйелдермен де айтысқа түсіп өнерпаздығымен елге таныла бастайды. Бірте-бірте аты кеңге жайылып, айтыскерлігімен көзге түседі. Талай айтыстарда жеңеді.
Ата-анасынан дарыған жақсы қасиеттердің бәрі Садықожа бойында ерекше көрініс тауып, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болып өседі. Садықожаның көрікті, сымбаттылығы оған қоса әнші, сазгерлігі, суырыпсалма айтыскерлігі аз уақыт болса да оны білетін жанның бәрін сүйсіндірген, қызықтыра тамсандырған. Оның атқа мықтылығын, шу асауға бас білдіріп, үйреткіш қасиетін көзі көргендер былайша әңгімелейді. Садықожа он төрт, он бес жасқа келгеннен бастап биебаудың (құлындар байлаған желі) қасында енелерімен бірге тұрған шу асау тайға шалма тастап ұстап, жүгенсіз-ақ мініп алғанда қалай мөңкісе де жығылмайды, қайта олай шауып, былай шауып, әбден діңкелегенде мөңкуге де шамасы келмей, еріксіз тоқтайды екен.
Садықожа естіген ертегі, аңыз, т.б. тарихи әңгімелерді жыр-дастан етіп өзінше жырлайтын болған. Алайда өкініштісі – ол жыр-дастанның бірде-біреуі қағазға түспеген. Оған себеп, оқып-жаза алмағандығы, яғни хат танымайтындығы еді. Әнші-ақынның бізге жеткен әндерінің өзі алпысыншы жылдардың ортасынан бастап қана айтылып, елге таныла бастады.
Садықожа әндерінің елге кең тарамай ұмыт бола бастауының негізгі себебі былай еді. 1946 жылы Іле аумағында сүзек ауруы дендеп, кең жайылады. Сол қалың елді түгел шарпыған дерттен ағайынды Садықожа, Әбілқайыр және Зербала апаның қайнысы Қожаниязға қосылғаннан кейін өмірге келген Үркімбай үшеуі бірдей бас-аяғы бір-екі айдың ішінде көз жұмады. Үш ұлынан бірдей айырылған Зербала ана осылайша орны толмас қайғыға душар болады. Әсіресе әнші, ақын ретінде көпке танымал болған Садықожаның әні мен жыр-толғаулары естілсе, көңіл қайғысы одан әрі дендеп, күндіз-түні ұйқы көрмей, көз жасын көл қылып жылап, тіпті жынды болудың аз-ақ алдындағы халге жеткен.
Ауыр қайғының әсерінен бір кездегі шу асауды ер-азаматша жуасытып мінетін Зербала белі бүкірейіп қалады. Сондықтан ағайын-туыс жиылып ат жетер жердегі ел-жұртқа арнайы өтініш жасап, Садықожа әндері мен жыр-толғауларының айтылмауын талап еткен. Садықожаның әндерін айтып, ауыздан-ауызға көшіре кең тарату емес, Зербала ананың өмірін сақтау, айықпас дертке ұшыраудан аман алып қалуды ойлаған. Сөйтіп Садықожа әндері айтылып жүрмегендіктен, бірте-бірте ұмыт бола береді. Ал Зербаланың бүкірейген белі жазылмаған күйі «бүкіш апа» атанып кетеді. 1955 жылы Зербала мен ағайын-туыстары тарихи отанға қайта оралып Садықожаның кіндік қаны тамған Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылдық кеңесіне қарайтын Бөдеті ауылына орналасады. Зербала осы жерде 1961 жылы қайтыс болады.
Садықожа әндері Зербала дүние салғаннан кейін ғана Мошанның әкесі Текесбайдың туған інісі Бұқыжан баласы Қуанияздың айтуымен кейінгі ұрпаққа жетті. Оның атақты «Сары бидай» әнін Қуанияздың аузынан 1968 жылы тұңғыш рет үйреніп, рухани қазынаға айналуына мұрындық болған осы жолдардың авторы еді. Бұл орайда Садықожа әндерін есіне түсіріп қайта жаңғыртып бізге үйреткен Қуанияз қарияның еңбегін айрықша атауға тура келеді. Бізді ән айтуға баулыған әнші ағамыз Молдасан Шәпиев «Сары бидай» әнін алғаш менен естіп, одан кейін Қуанияз қариядан толықтырып үйреніп, ауыл-аймаққа кең таралуына себепкер болғанын ризашылықпен айтуымыз керек.
Белгілі әнші, жазушы, өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Жәнібек Кәрменов құрастырып, 1991 жылы «Өнер» баспасынан шыққан Қазақ әндерінің антологиясының бірінші томына Құрманбай Толыбаевтың аннотациясымен Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің орындауындағы Садықожаның жеті әнінің мәтіні енгізілген. Алайда белгісіз себептермен «Ахау, айым» әні халық әндері бөліміне еніп кетіпті. Кезінде баспа тарапынан жіберілген бұл кемшілік «Жетісу әуендері» жинағын құрастыру барысында түзетілді. Осы жолдар авторының орындауында нотаға түсіріліп, жазылып алынған «Ахау, айым», «Ахау, қалаулы-ай», «Ей, ахау», «Сарыбидай» әндері С.Медеубекұлы мен Б.Мүптекеевтің жинап, құрастыруларымен 1998 жылы «Өнер» баспасынан шыққан «Жетісу әуендері» әндер жинағына нотасымен енді.
Садықожа әндерінің жиналып, халық игілігіне айналуында халқымыздың қайталанбас дарын иелерінің бірі Дәнеш Рақышевтің, ұзақ жылдар бойы «Кетпен» орта мектебінде әдебиеттен сабақ берген, директор болған, табиғи талант иесі әнші Молдасан Шәпиұлының, әнші Жақсылық Мырқайұлының, Садықожа әндерінің мәтінін зерттеуші ақын Құрманбай Толыбаевтың үлестері мол болды. Молдасан Шәпиұлы Садықожа әндерін орындау арқылы насихаттап қана қоймай, әнші компазитор өмірінен деректі әңгіме де жазды. Ол «Парасат» журналының 1990 жылғы № 12 санында жарияланды.
Садықожа 1946 жылы жазда сүзек ауыруынан қайтыс болды. Сүйегі Қытайда Құлжа қаласының солтүстік шығысындағы Турасу жайлауындағы ескі қазақ зиратында жатыр.
Ендігі міндет Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай өткен замандарда өмір сүрген өнерпаз тұлғалардың рухани мұрасын дәріптеу бағдарында, оны ұрпақ санасына сіңіріп, дәріптеу мақсатында Садықожа Мошанұлының да өнерпаздық тұлғасын кең насихаттау болып табылады.
Құныпия АЛПЫСБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті
Аймақтар • Бүгін, 10:35
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Қазақстан • Бүгін, 10:33
Сирияда лаңкестердің шабуылынан екі сарбаз қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:28
Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Әлем • Бүгін, 10:18
Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
ЕАЭО елдері өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы жаңартуды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 10:09
Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 09:59
Ресейліктер жаппай вакцина салғызып жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:52
Нұр-Сұлтанда жаңа емхана ашылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Жамбыл мектептерінде 222 оқушы қашықтан оқып жатыр
Білім • Бүгін, 09:35
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Өткен тәулікте 468 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
«Самұрық-Қазына» басшысы «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылғы алдын ала қорытындыларын тыңдады
Экономика • Бүгін, 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Аймақтар • Бүгін, 08:16
Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Саяси модернизация кезеңі келді
Пікір • Бүгін, 08:10
Пікір • Бүгін, 08:09
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент • Бүгін, 08:06
ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес
Қоғам • Бүгін, 08:04
Меркельдің орнына Лашет келе ме?
Әлем • Бүгін, 08:03
Коронавирус қайта өршіп келеді
Қоғам • Бүгін, 08:02
Руханият • Бүгін, 07:54
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұлттық банктің болжамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 07:47
Спорт • Бүгін, 07:36
Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?
Қоғам • Бүгін, 07:32
«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды
Футбол • Бүгін, 07:30
Оқиға • Бүгін, 07:28
Білім саласын басқару жүйесі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 07:25
Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру
Саясат • Бүгін, 07:23
Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды
Үкімет • Бүгін, 07:20
Мәлім де беймәлім Байсуфиновтер
Спорт • Бүгін, 07:18
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 07:15
Таным • Бүгін, 07:13
Қаперге алмаған қатерге ұрынады
Қаржы • Бүгін, 07:10
Команда көбейгеннен тартыс күшейе ме?
Футбол • Бүгін, 07:08
«Барлығына қарсы» пікірі де ескеріледі
Пікір • Бүгін, 07:07
Бокс • Бүгін, 07:02
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар