Тарих • 04 Қыркүйек, 2018

Билерімізді бағалай білейік

230 реткөрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» бағдар­лама­лы­қ мақаласында айтылған мін­дет­терді жүзеге асыру барысында Ақмола облыстық судьялар қауымдастығының атсалысуымен дархан даланың данагөй билері­нің қасиетті есімдері ұр­пағымен қайта қауышты.  Әлем­дегі ешбір халықтың тарихында кездеспейтін, жалғыз-ақ қазақтың санасында сақталған, заманында ұлтымыздың қоғамдық өміріне қалтқысыз қызмет еткен билер қызметі бүгінде өнеге алар байлығымыз санатында. Бәтуалы билер шешімінің салмағы қазақ қоғамындағы хан билігімен қатар тұрған. Хан билігі өз биігін қамтамасыз ету үшін билердің билігіне жүгінген. Ілкі заманда би әр уақытта халықтың атынан сөйледі және оның шын жанашыры болып саналды.

Таяуда Көкшетау қаласының Бірлік шағын ауданындағы бұ­рын­ғы Новоселов көшесінің аты өзгертіліп, оған Бапан бидің есімі беріл­ді. Бапан Тұраналыұлы – Қан­жы­ғалы Бөгенбай батырдың неме­ресі. Артына өлмейтін сөз, шын­­дық­қа суарылған шешім қал­­дыр­­ған көрнекті тұлға. Осы көше­­ге об­лыс­тық соттың судья­лар корпусы бидің бейнесі кескін­делген бил­­борд орнатты. Мұн­дай игі іс жал­ғыз емес, облыс орта­лы­ғындағы Западная көшесі Бай­далы бидің, Заводская көшесі Сақ­құлақ бидің есімдерімен аталатын болды.    

Байқал БАЙӘДІЛ,

Ақмола облысы

«Егемен Қазақстан»

 

Соңғы жаңалықтар

Сапардағы сыр

Руханият • Кеше

Ақаңның аманаты

Руханият • Кеше

Таралым һәм қаралым

100 • 21 Қараша, 2019

«Егемен» естен шықпайды

100 • 21 Қараша, 2019

Тархан текті редактор

100 • 21 Қараша, 2019

Жүз жыл

100 • 21 Қараша, 2019

Ұшқыр ойлар ұшқындары

100 • 21 Қараша, 2019

Үлкен жолдың үзіктері

100 • 21 Қараша, 2019

Инвестиция – даму даңғылы

Аймақтар • 21 Қараша, 2019

Ұқсас жаңалықтар