Бокс • 04 Қыркүйек, 2018

Головкин мен Альварестің рематчына сатылым билеттері әлі таусылмады

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің көптен күткен рематчына екі аптадан аз уақыт қалса да, сатылымда билеттер әлі де  жетерлік, деп жазды «Қазақстанның кәсіпқой боксы» баспасөз қызметі.

Головкин мен Альварестің рематчына сатылым билеттері әлі таусылмады

AXS.com билет операторының дерегіне сәйкес, қазіргі таңда сатылымда - 700, 800, 1000, 1500, 2000, 2500 және 5000 долларлық билеттер бар. Бір адамның қолына сегіз билетке дейін берілуде.  

Головкин мен «Канелоның» промоутерлері Том Леффлер мен Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте T-Mobile Arena-да көрермендер саны көп болатынын айтты.

1XBET букмекерлік кеңсесі GGG-Канело екінші жекпе-жегіне мынадай коэффициенттер беруде: Головкиннің жеңісі - 1.64, «Канелоның» жеңісі - 2.464, тең нәтиже - 20.