Президент • 04 Қыркүйек, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы зауыт жұмысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Бұл жобаны іске асыруға 15 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласының әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 миллиард теңгеге сумен қамту және электр желілері тартылған.

Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.