Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыс сапары барысында Елбасы Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді

Мемлекет басшысы бюджеттен тыс қаражат есебінен саябақ аумағында салынған нысандарды аралап көрді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саябақта қаланың өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз замандастарымен және металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, әңгімелесті.