Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Тиісті заңнамаға өзгеріс енгізіледі

830 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында өткен брифингте айтылды. 

Тиісті заңнамаға өзгеріс енгізіледі

Тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық саласына қатыс­ты заң­наманы жетілдіру мәселе­леріне арналған баспасөз жиынына Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің, Құ­рылыс және тұрғын үй-ком­му­­нал­дық шаруашылық істері комитеті мен «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкіл­дері қатысты.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаменті ди­ректорының орынбасары Мар­ғұлан Әбдікәрімовтің айтуынша, бұл саланы реформалау мақсатында министрлік «Қазақстан Республикасының тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылық мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеген.

Бұл құжатта үш Кодекс пен 12 заңға өзгеріс енгізу көзделген. Оның ішінде бірнеше түбегейлі түзетулерді атап өтуге болады. Біріншіден, әр көппәтерлі үйде меншік иелерінің бірлестігін ком­мерциялық емес ұйым түрін­де құру арқылы басқару орган­дары­ның қызметін реттеу қарас­ты­рылған. Екіншіден, пәтер ие­лері мен жергілікті атқару­шы ор­­ган­­­­дар­­дың, басқару орган­дары­­ның, ме­нед­­жерлер мен сер­вис­­тік ком­­па­­ни­я­лардың өзара қарым-қаты­на­сын реттеу үшін тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруа­шылықтың бірыңғай ақпа­рат­тық жүйесі құрылмақ. Үшін­шісі – эксплуата­циялық шығын­дар­дың ең төмен мөлшерін бел­гі­леу. Сондай-ақ тұрғын үй­лер­­ді ағым­­дағы және күрделі жөн­­деу жұ­­м­ыст­арына қаржы жин­ау те­­тік­­терін регламенттеу жайы, жер­гілікті атқарушы орган­дар­дың өкі­леттіктерін кеңейту және тұрғын үй-құрылыс коопе­ра­тив­­­терінің қызметтерін реттеу мә­­се­­лелеріне түзетулер қарастырылған.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі тұр­ғын үй қоры мен тұрғын үй-ком­мунал­дық шаруашылығына бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов бұл жүйе ТКШ саласында бірың­­­­ғай ақпараттық кеңістікті қа­лып­­тас­тыруға мүмкіндік бере­тінін атап өтті, яғни қызмет көр­сетуші компания мен тұрғын үй иелері арасындағы өзара қа­рым-қатынастың ашықтығын қам­­та­масыз етеді. Сондай-ақ олар­­­дың қаражатты жұмсауын және басқарушы компаниялар мен энергиямен жабдықтаушы кәсіп­орындардың қызметін ба­қы­лайды. Барлық алынған ақпа­раттар саланы тиімді басқару үшін мемлекеттік деңгейде талданады және халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасына тікелей әсер етпек.

Заң жобасы Мәжіліске осы қыркүйек айында енгізілмек.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар