27 Желтоқсан, 2011

Кәсіпкерлер құқы қорғалып, жемқорлық ауыздықталуда

268 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Тәуелсіздігіне жиырма жыл толған Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бүгінгі таңда ең тиімділердің бірі болып танылуда. Қоғамдық қауіпті дерт – жемқорлықпен кү­рес­тің қарқынын арттыру, әсі­ресе бизнеске неғұрлым қолай­лы ахуал жасау өз нәтижесін беруде. Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес департаменті Мемлекет бас­шысының кәсіпкерлердің қыз­метіне мемлекеттік орган­дар­дың негізсіз араласуына тос­қауыл қою бағытындағы тапсырмасын дәйектілікпен жүзеге асыруда. Қаржы полициясының Ал­маты қалалық департаменті қыз­меткерлері биылғы жылдың он айында шағын және орта бизнес өкілдерінің ісіне кедергі келтіріп, заңсыз қолсұғушылықтың он бес фактісін анықтады. Оның ішінде сегізі – күш қолданып ақша талап ету болса, қалған жеті қылмыс – қызметтік өкілет­ті­гін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен кәсіпкерлер қаражатын иемденген шенеуніктерге қа­тыс­ты болып отыр. Сонымен қатар, есептік кезеңде 63 жемқорлық қылмысы анықталды, олардың арасында лауазымдыларға қа­тыс­ты қылмыстар да аз емес. Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы, қаржы полициясы полковнигі Мақсат Дүйсеновтің пікірінше, кәсіпкерлердің заңды мүддесін қорғау және оны қолдау ең бас­ты міндет. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, қаржы полициясы бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъек­тілерді тексеруге тыйым салу режимі жағдайында жұмыс істейді. Сондықтан да олар тек қала тұрғындарының денсаулығына зиян келтіріп, залалын тигізетін дәрі-дәрмектер мен азық-түлік тағамдарының заңсыз айналы­мы­на ғана қатысты істермен ай­налыса алады. Көпшілікке белгілі, жемқорлық қылмыстардың жа­сырын сипатта болуы көп­те­ген қиындықтар мен күрделіл­ік­тер тудыруда. Тағы бір таңға­лар­лық жағдай, кәсіпкерлердің ба­сым көпшілігі өздерінің қызметі­не қатысты түйткілдерді бол­дыр­мау мақсатында лауазым иелеріне, шенеуніктерге «пара» беруді әлі күнге дейін жалғас­тырып келеді. Қынжыларлығы, олар өздері­нен пара алушылар оның мөл­шерін тым көбейтіп жібергенде немесе параны алып, уәде берген ісін орындамағанда ғана құ­қық қорғау органдарына шағым жолдап, арызданады. Қылмыс­тық істер мен тергеуге дейінгі материалдар, міне осыны дәлел­дейді. Қаржы полициясы Алма­ты қалалық департаментінің бас­шысы Мақсат Керімбайұлы бұл «әрекеттің», яғни олардың заң­ды айналып өтуі, кәсіп­кер­лерді үл­кен қателікке ұрын­ды­ратын­ды­ғын атап айтады. Шын мәнісінде де, мұндай салмақты тұжырым­ның өзіндік себептері де бар, өйткені қаржы полиция­сында жем­қорлық және де басқа қыл­мыстарды ауыздықтаудың тиім­ді тәсілдері кеңінен қарастырылған. Мәселен, соның бірі – сенім телефоны екендігі сөзсіз. – Қаржы полициясы департаментінде «144» нөмірлі сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Міне, осы байланыс құ­ралы арқылы «жемқорлық» си­паттағы қылмыстық деректер шұғыл түрде хабарланса, оның ізін суытпай ашу тергеушілер үшін де үлкен көмек болар еді. Жасыратыны жоқ, еліміздің құ­қық қорғау органдарының бар­лы­ғына бірдей және ең басты қа­жеттілік – бұл көпшіліктің, кәсіп­керлердің сенімі екендігін атап айтқым келеді. Парақор­лармен қатар, оларға пара берушілер де заңды түрде жазаға тартылатынын ескеру қажет. Қазір департаментте өте қауіпті экономикалық қылмыс­тар­ды анықтау бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Ал, енді биылғы жылы қала бойынша анықталған 800-дей қылмыстың жартысына жуығы ауыр және аса ауыр қылмыс болып табыла­ды. Ең бастысы, қаржы поли­циясы органдары қадағалау ор­ган­дары тарапынан жеке кәсіп­кер­лік қызметіне жүргізілетін негізсіз тексерулер мен заңсыз қол сұғушылықты жоюға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шараларға басты назар аударуда, – дейді Мақсат Дүйсенов өз ойын ортаға салып. Шын мәнісінде де, сала жетекшісі айтса айтқандай, соңғы уақытта лауазымдылар арасында қандай жолмен болса да қалта толтырудың жолына түсушілер қатары азаяр емес. Алматы қала­сында мемлекеттік сатып алу саласында биылғы жылдың өт­кен он айының өзінде 23 қыл­мыс­тың анықталуы соның айқын кепілі. Мәселен, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқарма­сы­ның бөлім бастығы 70 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде құрықталды. Ол «Жол картасы» бағдар­ла­ма­сы аясында орта мектепке күр­делі жөндеу жүргізген «ДМ­Строй­­Монтаж» ЖШС мердігершісі Балматовқа жалған қоры­тын­ды шығарғаны үшін, сот экс­пер­тизасының, сондай-ақ ЭСЖКД мен прокуратураның лауазымды тұлғаларына 100 мың АҚШ дол­лары көлемінде пара бермек болған. Сондай-ақ, Медици­на­лық және фармацевтикалық қыз­метке бақылау департаментінің қалалық комитеті бастығының міндетін атқарушы болған Әб­діров те қылмыстық әрекет үс­тін­­де ұсталды. Жеке дәріхана ашуға лицензия алу үшін 2000 доллар көлемінде пара беру кү­ді­гі бо­йынша құрықталған оның ісі сотқа жіберілді. Жемқорлық қылмысы бо­йын­­ша анықталған алпыстан ас­там қылмыстың алтауы лауазымды қызметкерлерге қа­тысты. Мә­се­лен, Алматыдағы екінші дәре­желі банк филиал­дары бірінің директорының орынбасары Нұр­лановаға қа­тысты қылмыстық іс биылғы жылдың тамыз айында қоз­ғалды. Ол банктің екі клиентімен келісімге келіп, оларды «VIP-клиент» етіп рәсімдеген. Сөйтіп, жасанды құжаттармен оларға жалпы сомасы – 1,7 миллиард теңгені құрайтын несие берген. Сонымен қатар, ком­мер­циялық банктердің бірінде бөлім бастығы қызметін атқарған Зейнешова өзінің қыз­меттік жағда­йын пайдаланып, банк клиент­терінің есепшо­ты­нан ретін келтіріп, ақша жым­қыруды әдетке ай­налдырған. Ұрлығының жал­пы сомасы – 10 миллион 793 мыңға жеткен Зей­нешова бес жыл бас бос­тандығынан айырылып, дү­ние-мүлкі тәркіленді. Жақында, оңтүстік аста­на­ның «Дархан» ықшам ауданы­ның тұрғыны Исиннің үйінен 1129 бөтелке жасанды алкогольді ішімдік өнімдері және 2010 дана жалған есеп-бақылау маркілері табылды. Қаржы полициясының полковнигі Мақсат Керімбайұлының есептеуінше, «сыбайлас жемқор­лық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрестегі түпкі нәтиже тек сала мамандарына ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының жауапкершілігіне, яғни азаматтық көзқарасына тікелей байланысты». Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.