Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Биыл 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютада сақтаған депозиттерінің шарттарына өзгеріс енгізілді. Енді жеке тұлғалардың салымы жедел және жедел емес жинақ болып бөлінеді», деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

qasym.kz

Сыйақы мөлшерлемесі салым түрі мен мерзіміне қарай сараланатын болады. Сондай-ақ шұғыл қайтарып алу немесе толтыру құқығына қарай қарастырылады.

Осыған орай Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (KDIF) шекті мөлшерлемені бекітті. KDIF өз құзіретіндегі банктер мәжбүрлі жағдайда жұмысын тоқтата қалса, ондағы сақталған жеке тұлғалардың қаржысын (депозитегі, есепшоттағы сондай-ақ төлем картасындағы) қайтаруға кепілдік береді. Қазіргі таңда депозиттерді кепілдендіру жүйесіне 27 банк қатысады.

KDIF кепілдігі барлық жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға жарайды. Жинақты шетел валютасымен жүргізетіндер үшін бұрынғы әдіс қала бермек. Яғни сыйақы мөлшерлемесі салым мерзіміне қарамастан 1 пайыздық деңгейін сақтап тұрады.

«Салымдарды жіктеу мен сыйақының шекті мөлшерін бекіту 1 қазаннан кейінгі депозиттерге қатысты. Оған дейінгілері бұрынғы келісімшартта көрсетілгендей жалғаса береді», деді Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше