28 Желтоқсан, 2011

Денсаулыққа қандай тағам пайдалы?

2267 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
«Ас – адамның арқауы» десек те, кеселдің кей түрі дұрыс та­мақ­танбағандықтан да жабы­са­­­ты­нын адам баласы әлімсақ­тан тү­сініп қойған. Ал астың қай­сы­сы пайдалы, қайсысы зиян? Қа­зақ­тың асқазанына жақ­қан май­лы сорпа ағылшын мен француз­ға жаға ма немесе қы­тай­дың ащы-тұщысы өзбектің өңешінен өте ме? Мәселен, жер­ортате­ңіз­дік деп аталатын немесе латы­на­ме­рикандық диеталар­дың құпия­сы неде? Қысқасы, бүгінде сәнге айналған осы та­қы­рып Алма­ты­да өткен «Қауіп­сіз және теңдес­тірілген тамақ­та­ну негіздері» ат­ты халықаралық ғылыми мәжі­ліс­те кеңінен талқыланды. С.Асфендияров атындағы Қа­зақ ұлттық медицина университетінде өткізілген шараны Old­ways атты американдық ұй­ым мен Қазақ тағамтану акаде­миясы бірлесіп өткізіп, беделді ұйым­дардың бастамасына Coca-Cola компаниясы демеушілік көрсетті. Қазақстанда мұндай сарап­та­малық форум бірінші рет өткі­зіліп отыр. Ал Oldways-тың та­ри­хына көз салсақ, оның ма­ман­дарын әлемнің аспаздық орта­лықтарының тәжірибесі қызық­ты­рады. Қысқасы, Oldways ұзақ жылдардан бері жаһандық тарих пен дұрыс тамақтану мәде­ние­тін терең және кәсіби тұрғыда зерттеп келе жатқан ұйым. Сонымен мұндай мәжілістер Брюссель, Бейжің, Вашингтон, Ыстамбұл, Сантьяго, Сан-Пау­ло, Буэнос-Айрес, Мехико, Бан­г­кок, Дубай, Киев, Дели қалаларында өткен. Кезек енді Алматыға да жеткен. Oldways-тің бір бірінен шал­ғайда жатқан, салт-дәстүрі мен дастарханы ұқсамайтын елдерді зерттеуді қолға алғанына қара­ғанда, американдық диетологтар дұрыс тамақтанудың әмбебап мәзірін жасауға шындап кіріскен деген пайымға келуге бо­ла­ды. Олардың Алматыда көп білгісі келіп отырғандықтары бай­қал­ды, сауалдар тастап, естігендерін жазып отырды. Өзіміздің отандық диетологтар батыстан келген әріптес­те­рі­не қазақтың ежелден пайдала­нып келе жатқан ет тағамдарын, көпұлтты Қазақстанның арала­сып кеткен аспаздық мектебін, қалалықтар мен ауылдық тұр­ғындардың тамақтануында ай­тар­лықтай айырмашылық бар екендігін жеткізді. Аз сөйлеп, көп тыңдап от­ырған қонақтарға да сұрақтар аз қойылған жоқ. Мәселен, біздің мамандар атышулы консерванттар, калориялы азықтар мен басқа да тамаққа қосатын дәм­деуіштерді шығаратын өндіру­ші­лерді не істеу керек дегенді алға тартты. Тіпті кейбір мә­лі­меттер қонақтар үшін күтпе­ген жаңалыққа айналса, енді бір сауалдар қызу пікірталас тудырды. Өз кезегінде біздің де ма­ман­дарға өз блокноттарына түртіп отыратын жәйттер табылды. Ал конференция сессияларында әл­емге аты мәлім ғалымдар сөз алды. Олардың арасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов, Дж.Вашингтон уни­верситетінің семіздікті зерттеу орталығының директоры Адам Древновски (АҚШ), Хасетеппе университетінің қоғамдық та­мақ­тану бөлімінің жетекшісі Гүл­ден Пекан (Анкара, Турция), Coca-Cola компаниясының ғы­лыми зерттеулер жөніндегі және нормативтік-құқықтық реттеу бөлімінің денсаулықты қорғау мен аурулардың алдын алу жө­ніндегі бағдарламасының ди­рек­торы Максим Байк (Атланта, АҚШ) сынды шешендер болды. – Бүгінде дұрыс тамақ­та­ну­ды әдетке айналдыруға ешнәрсе кедергі емес. Ең бастысы халық бұл мәселеде бәрінен хабардар болуы керек. Дұрыс тамақта­ну­ды әдетке айналдыру қажет. Яғни, теңдестірілген ас мәзірін пайдалануды адамдардың өздері қалауы керек. Қазір базарларда жаныңа керектің бәрі бар. Өкі­нішке орай, біздің адамдар дұ­рыс тамақтана білмейді, тіпті мен бұл мәселеде өз денсау­лық­тарына жауапкершілікпен қа­ра­майды дер едім. Сондықтан да дұрыс тамақтану мәдениетін қа­лыптастыру үшін ағарту жұмыс­тарын жүргізу қажет. Екінші жа­ғынан, мемлекеттің де өз та­ра­пынан тағамдардың денсаулық­қа қауіпсіздігі және жоғары са­пасын қамтамасыз еткенін қа­лаған болар едік, – дейді академик Шарманов. Қысқасы, қазақстандық мамандар қонақтарға біздің тамақ­танудағы ерекшеліктерімізді ай­тып берді. Шетелдік мамандар­ды өзіміз тағам ретінде жиі пайдаланатын айран-сүт өнім­де­рі және оның денсаулыққа әсері, Қазақ тағамтану академи­ясы­ның қазақстандықтардың ден­сау­лы­ғы мен тамақтануды жақ­сартуға қатысты жасап жатқан заманауи қадамдары қызықтырды. Яғни, сарапшылар тамақтар­дың денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтарына қатысты жәйт­тердің бәрін дерлік жан-жақты електен өткізді. Кон­фе­ренцияға қатысушылар сусын­дар­дың пай­дасы, судың адам өмірі мен қо­ғам денсаулығын сақтаудағы рө­лі, ағзаға пайдалы ас түрлерін сәнге айналдыру си­яқты мәселе­лерді айналып өткен жоқ. Мәжіліс барысында Oldways ұйымының президенті Сара Баер-Синнотт ханым күтпеген әрі қыз­­­ғылықты мәліметті алға тартты. – Зиянды қант пен май бол­майтыны сияқты, жаман тамақ, жақсы тамақ деген де болмайды. Бізге азықтың барлық түрі қа­жет. Олардың әрқайсысы бізге қуат береді. Мәселе олардың дұрыс мөлшерленуінде, – дейді Сара Баер-Синнотт. – Біздер теңдестірілген тамақтану деп бар­лық пайдалы тамақтарды үй­лестіруді айтамыз. Егер мөл­ше­рі­мен дұрыс пайдаланса – кәм­питтер, қант, май, жақсы шарап, бәрі де ағзаға пайдалы бола алады. Мәселе тамақпен қабыл­даған калория мен белсенді жұ­мыс істеп, спортпен айналысқан кезде жоғалтқан калорияларды дұрыс басқаруда. Ал Oldways – бұл қандай да бір өнімдер мен технология­лар­ды насихаттау үшін емес, кезінде тұрғындар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалып­тас­тыру үшін құрылған көрнекті халықаралық ұйым. Аталмыш ұйым Батыста кеңінен танымал. Дегенмен, соңғы жылдары бұл ұйым дамушы елдерде де «Жер­ортатеңізі диетасы пира­ми­дасы» (Mediterranean Diet Pyramid) және «Бүтін дәнді дақылдардың қалыбы» (Whole Grain Stamp) атты теңдестірілген тамақтану бағдарламалары арқылы белгілі бола бастады. Әр аймақтың өзіне тән, әл­ім­сақтан келе жатқан азық түрлері бар. Мысалы, Қазақстанда теңіз балығы асып-төгіліп жатқан жоқ, есесіне ет өнімдері жеткілікті. Бұл қазақстандықтардың денсаулығына кері әсер ете ме? Ал америкалықтар шын мәнін­де бұл қарапайым сауал емес деп есептейді. Мәселе қандай да бір азық түрінде жатқан жоқ, ең бастысы олардың адам ағзасына пайдасы тиетін құрамдастығына көңіл бөлу қажет көрінеді. Сондықтан да теңіз балық­та­рын жеу керек, өйткені, оны ­бас­қа азық түрімен алмастыру мүмкін емес. Егер теңіз өнім­дері жеткіліксіз болған жағ­дай­да жаңғақтарды барынша көп пайдаланған жөн. Өйткені, оның да құрамында балықтағы сияқ­ты ағзаға қажетті май қыш­қыл­да­ры бар. Еттен бас тартпай­тын­дар үшін тым майлы етке әуес болудың пайдасы шамалы. Сон­дай-ақ, диетологтар барлық ел­дердің ішім-жемін сараптай келе ғылыми зерттеулер көрсеткен­дей, малдың майларына қара­ған­да өсімдік майын көбірек пайдалану керек деген тұжы­рымға келген. Ең бастысы – дұрыс өмір сүре білу, дейді Coca-Cola ком­па­ниясының ғылыми зерттеулер мәселелері жөніндегі және нор­мативтік-құқықтық реттеу бө­лі­мінің директоры Теи Чумбуридзе. Яғни, ас ішуді ғана емес, демалысымызды, жұмысымыз­ды жанымызға жақын адамдармен жан рахатына бөлене оты­рып атқарған жөн. Сонда ғана жегеніміз нәрлі, дастарханымыз дәмді көрінбек. Қонақтар айтқан қағидалардың бұл тұсы «Қай­ғы­сыз адам қара суға да семіреді» деген қазақ мақалына келеді. Айнаш ЕСАЛИ. АЛМАТЫ.