Алдыңғы ақпараттар бойынша қаза тапқандар саны 832 адамға жеткен еді. Ал басылымның соңғы ақпаратына сүйенер болсақ, 16,7 мың адам жер сілкінісінің кесірінен өз үйлерін тастап кеткен және шамамен 2,4 миллион адамға гуманитарлық көмек керек.
Жұма күні таңертең Сулавеси аралының жағалауында, Палу қаласының маңында 6,1 магнитудалық жер сілкінісі болды. Кейіннен дәл осы ауданда 7,4 магнитудалық жер сілкінісі, одан кейін Палуда биіктігі екі метрге жететін цунами тіркелді.