Кино • 01 Қазан, 2018

Мысырда халықаралық Эль-Гуне кинофестивалі аяқталды

90 реткөрсетілді

Мысырда халықаралық Эль-Гуне кинофестивалі аяқталды. Қызыл теңіздің жағасындағы кинобәйге аясында тоғыз күн бойы кино көрсетілім мен түрлі мастер-кластар өтті, деп хабарлайды Euronews.

Мысыр ұсынған «Ақыр заман» «Ең үздік сюжетті араб фильмі» болып танылып, сонымен бірге «Адамзатқа арналған фильм» жүлдесін де жеңіп алды. Режиссёр Абу Бакр Шауки мен продюсер Дина Эмэмның туындысы тағдыр тәлкегіне ұшыраған екі адам туралы.

«Біз екі бірдей жүлдені жеңіп алдық. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Фильм арқылы адамдарды сырт бейнесіне қарап емес, мінезіне қарап бағалауға шақырғымыз келді», деді Абу Бакр Шауки.

Ең үздік көркем фильм марапатын сингапурлық режиссер Сью Хуа Йеоның «Қиялдағы жер» кинофильмі жеңіп алды.

Ең үздік деректі фильм марапаты сириялық Талала Деркиге табысталды. «Әкелер мен балалар туралы» фильмі әке еркі, әйелдердің тасада қалуы, дін мен бала тәрбиесі туралы.

Фестивальге көптеген Голливуд жұлдыздары қатысты. Солардың бірі – Сильвестр Сталлоне. Атақты актер «Рэмбо 5» фильмінің түсіріліміне дайындалып жүргенін айтты.

«Шараның басты мақсаты – өз туындылармен әлемді өзгертуге құштар режиссерлерге шабыт сыйлау», дейді Эль-Гуние кинофестивалінің ұйымдастырушылары.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар