Аймақтар • 03 Қазан, 2018

Қостанайда тұмауға қарсы эпидемиологиялық маусым басталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандардың айтуынша, биыл тұмаудың     А(H1N1) –Мичиган, A (H3N2) – Сингапур және B – Колорадо штаммалары белсенді жүретін көрінеді.

Қостанайда тұмауға қарсы эпидемиологиялық маусым басталды

Тұмаудың «Мичиган», «Колорода» түрлері қазақстандықтарға бұрынннан белгілі, ал «Сингапурмен» биыл біірнші рет «бетпе-бет» келеді екенбіз. Осы мәселеге орай Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде өткен брифингте департаменттің Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлсім Досымова тұмауға қарсы егу үшін 48 миллион теңгеге 57 мың доза вакцина сатып алынғанын айтты. Енді бірер аптада тағы да қосымша 5 мың доза алынады. Қазан, қараша айларында облыстағы аудандар мен қалалар емханаларында, фельдшерлік пункттерде 361 егу бекеттері жұмыс істейді.

Алты айға дейінгі нәрестелерге, ата-анасыз қалған балаларға, жүрек, тыныс ауруларынан зардап шегетін жандарға, екіқабат әйелдерге, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, медицина-әлеуметтік мекемелер қызметін пайдаланатын ғаріп жандарға вакцина ақысыз егіледі.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай