Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

Егемен Қазақстан
16.10.2018 3360
2

Ілгерілеудің барлық алғышарты бар ел

Қазақстан Республикасы – әлемдік қоғамдастықтың сенімді және толық­­қан­ды мүшесі. Бүгінгі Қазақстан­ның келбетінен саясат, экономика, мәдениет және ғылым­ның іргелі бағыттарында позитивті өзгерістер мен жаңғыруға деген белсенді ұмтылысты көруге болады.

Қазақстан Президенті барлық қа­зақ­­­стандықтардың өмір сүру сапасын жақ­сарту және тұрмысын көтеру мақ­саттарына қатаң және жауапкер­шіл­ік­пен қарайтынын және ең бастысы – алға қойған міндеттерді дәйекті түрде жү­зеге асыратындығын көрсетіп келеді. Қазақстан халықаралық экономи­ка­лық қатынастардың белсенді орта­лы­ғы, Батыс пен Шығыс елдерінің ара­сындағы дәстүрлі көпір болып табылады және әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын ұстанып отыр.

Дүниежүзілік банктің бизнес жүр­гізу жеңілдігі рейтингінде Қазақ­­стан 190 елдің ішінде 36-орынға кө­те­рілді. Менің ойымша, Қазақстан әлем­нің ең дамыған елдерінің қатарына қо­сы­лу үшін жеткілікті алғышарттарға ие.

Бұл Жолдауда мектепке дейінгі бі­лімнен бастап, жоғары оқу орындары­на дейінгі білім беру жүйесінің даму перс­пективаларына және оның барлық деңгейлеріне ерекше көңіл бөлін­ген. Онда маңызды орын мына аспекті­лерге жатады: «Педагог мәрте­бесі туралы» заңды қабылдау, Назар­баев зияткерлік мектептерінің тәжіри­бесін бүкіл рес­публика бойынша тарату, Назар­баев Университеттің үлгісі­мен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру, білім беру ісінде 4К моделіне: креа­тивті­лікті, сыни ойлауды, комму­ника­тивті­лікті дамытуға жəне командада жұмыс істей білуге басты назар аудару. 

Кәсіби даярлығы жоғары кадрлар мен қазіргі заманғы оқу орындарында білім алған мамандар ғана Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді толық орындай алады.

Жүздеген мың этностық өзбектер тұратын Қазақстанмен қатынасты дамыта түсу Өзбекстан үшін аса ма­­ңызды. Екі ел арасында тығыз та­рихи, мәдени, лингвистикалық, кон­фес­сиялық байланыстар қалып­­тас­қан. Жалпы, Өзбекстан тарапы Қазақ­­станмен дәстүрлі дос­­тық­қа, тұрақты байланыстарға негізделген ынтымақ­тастықтың нығаюын қалайды.

Сонымен қатар Қазақстан Прези­ден­тінің көптеген жоспарлары, стра­тегия­сы мен идеялары қазіргі уақытта Өзбек­­­станда белсенді іске асырылып жатқан реформалармен үйлеседі. Сондық­тан біз­дің елдеріміздің дос­тық қатынас­тар­ды да­мыта отырып, көптеген сала­лар­да өз­­ара тәжірибе алмасуларына әбден болады.

Шынайы дос ретінде, мен Қазақ­станның болашаққа арналған жоспар­ла­рының сәтті жүзеге асуын тілеймін.

Равшан НАЗАРОВ,

Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институты бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» медалінің иегері

Ел дамуының жүйелі жоспары

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 5 қазанда жа­риялаған Жолдауымен үлкен қызы­ғу­­шылықпен танысып шықтым. Онда кө­те­рілген мәселелердің барлығы өзекті.

Жалпы, Қазақстан Президенті өз халқының әл-ауқатын арттыру мақ­сатында көптеген жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Бұл жетістіктерге тиімді құрылымдық, конституциялық және саяси реформалардың арқасында қол жеткізілуде. 

Бүгінде Қазақстан дипломатиялық және геосаяси рөлі жоғары, жауапкер­шілігі мол, сенімді әріптес, әлемдік және аймақтық сын-қатерлерге қарсы лайықты іс-қимылы бар ел ретінде танылып отыр. Халқының өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, экономикалық дамуы, соңғы 20 жылда 300 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі тіке­лей шетелдік инвестицияларды тар­туы, сондай-ақ елді жаңғыртуға ба­ғыт­талған түрлі экономикалық және сая­си бастамалар Қазақстанның қазіргі жар­қын келбетін айғақтайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру мемлекеттің басым бағыты болып қала беретінін атап көрсетті. Осы орайда тұрғындардың табысын молайту ма­ңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан ең төменгі жалақыны көтеру, жаңа, жақсы төленетін жұмыс орындарын құру сияқты бірқатар іс-шаралар қолға алынбақ. Бұл жұ­мыстар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту арқылы ілгерілейтін болады. Бұған қоса, тарифтерді төмендету үшін коммуналдық қызметтер арасын­дағы бәсекелестікті ынталандыру, халықты заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалаудың қауіп-қатерлерінен қорғау, цифрлы дәуірге бейімделген инновацияларды қолдау және жаңа технологиялық трансформация, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету сынды шаралар жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ Жолдауда алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу көзделген. Бұдан бөлек, медици­налық жүйені трансформация­лау, спорт және дене шынықтыру қыз­­ме­тін дамыту, халықты жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету бағы­тын­дағы жұмыстар қолға алынады.

Жолдауда халықтың жайлы өмір сү­­руін қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы және қолжетімді баспана мәселесін шешу, елдің аумақтық дамуына жаңа көзқ­а­растарды қалыптастыру, қауіп­сіз­дік құры­лымдарын жаңғырту және бе­йім­деу, сот төрелігі жүйесін жаң­ғырту шараларын жүзеге асыру ісі қамтылған.

Осы арада мемлекеттік мекеме­лер­ді азаматтарға бағдарланған құры­лымдарға айналдыру жөніндегі бас­та­маны ерекше атап өткім келеді. Бұл мемлекеттік институттардың тиім­­ділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен рефор­маларды бақылау механизмін күшей­туге мүмкіндік береді.

Президент Н.Назарбаевтың Жол­­дауында айтылғандай, Қазақ­стан өзінің сыртқы саясаттағы іс-қимылын белсенді түрде жалғас­тыра береді. Қазақстанның Ресей Федера­циясы­мен қарым-қатынасы мемле­кет­аралық байланыстардың эта­лоны болып саналады. ЕО-мен­ Қазақстан ірі сауда және ин­вес­­тициялық әріп­тестер ретінде өзара қарқынды ынты­мақтастықты одан әрі дамыта береді. Сондай-ақ Қазақ­стан үшін Еура­зиялық эко­номика­лық одақ, ТМД, Орталық Азия елдерімен, Қытай­мен, АҚШ-пен, Түркия, Иран, Араб және Азия мемлекет­терімен өзара тиімді екі­жақты қарым-қатынас­тарды өріс­тету, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне табысты мүше болу және Аста­на­ның Сириядағы үдерісін жүзеге асы­ру басым бағыттар болып қала береді.

Жолдау соңында Президент Н.На­­зарбаев әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мəнін жете түсінуі тиіс екенін айта келіп, «Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ын­ты­мағымыз ыдырамаса, біз үшін алын­байтын асу, бағынбайтын белес бол­майды», деді. Біздің де бұл сөзге алып қосарымыз жоқ.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Рес­публикасы Президенті өз Жол­да­уы арқылы ел дамуының жос­па­рын жүйелеп, нақты мақсат-мін­дет­терді айқындап, өзекті мәсе­ле­лерді шешу жолдарын көрсетіп берген. 

Флорин ЛУКА,

Николае Титулеску  атындағы Құқық негіздері және халықаралық қатынастар қорының бас хатшысы (Румыния)

Ұстаздардың мерейін өсірген Жолдау

Мен ұзақ жыл бойы Қазақстанның білім-ғылым саласында қызмет еттім. Ұстаздық еткен адам тұрғысынан ал­ған­да, Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­­баевтың ұстаздардың кәсіби мерекесі қар­са­ңында жариялаған биылғы Жол­да­уын өте ыстық, жаныма жақын, ерек­ше қабылдағанымды жасыра алмаймын. Себебі кезекті Жолдауда Қа­­зақ­станның болашағы болып табылатын жастарымыздың балабақшадан жоғары оқу ордаларында білім алғанға дейінгі аралықта оларға барынша жағдай жасап, мемлекет қорғауына, қолдауына алуы мені қатты қуантты. Ұстаз үшін елінің сапалы әрі саналы азаматын оқытып, қатарға қосудан асқан бақыт жоқ. Ол үшін алдымен жағдай жасалуы керек. 

Әсіресе бұл салаға бөлінетін қар­­­жының еселенуі бұрын-соңды бол­маған жағдай. Бұл – саланың кедер­­гісіз дамуына жасалып отырған керемет мүмкіндік. Жалпы, менің ойымша білім саласына маңыз берген ел – болашағын ойлайтын мемлекет. Тағы бір айта кетер нәрсе, ұстаздардың бұрыннан күтіп жүрген үлкен жаңа­лығы – ұстаз мәртебесі туралы арнайы заң қабылдануы. Қазақ­стандық қоғам үшін жалақының артуы, әлеу­меттік мәселелердің қордаланбай, ретімен шешілуге ерекше мән берілуі Елбасымыздың көрегенділігі дер едім. Бұл Жолдаумен бірге барлық қазақ­стандықтың жарқын келешекке деген үміті еселеніп, көңілдеріне қуаныш ұялағанына сенімдімін.

Әсима БИМЕНДИНА, 

«Кәсіпқор» холдингі басқарма төрағасының орынбасары

Болашағын ойлаған ел білімге мән береді

Биылғы Жолдау да кө­ңіліміздегі көп ойларға жауап тауып берді. Нұрсұл­тан Әбішұлы «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстары­ның тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты», дей отырып, осы бағытта жасалатын жұмыстар­­мен таныстырды. Соғыс ардагері, қарапайым ауыл тұрғыны ретінде Елбасының әр сөзін қуана құптап отырдым. Әсіресе адам капиталын дамытуға қатысты айтылған жайттар, берілген тапсырмалар болашаққа деген сенімімізді нығайта түсті. Білім беру, денсаулық сақтау салаларын жаңа деңгейге көтеру арқылы адам капиталын жо­ғарылатудың алғышарттарын белгілеу – ұтымды шешім. Қанша­ма әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылып келеді, ел солардың игілігін көріп отыр. Ауылдарда кәсіп­керлік дамып, биз­неске бет бұрған азаматтар саны көбейіп келеді.

Болашағын ойлаған ел білімге мән береді. Жолдауда білім беру саласына қатысты жақсы ойлар айтылды. Елбасы «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек», деп атап өтті. Үш ауысымда оқытатын, апатты жағдайдағы мектептері бар өңірлерге қосымша қа­ражат қаралатын болды. Тағы бір жақсы жаңалық – «Педагог мәртебесі туралы» заң қабыл­данатындығы еді. Жоғары оқу орындарына маман да­йындау сапасына қатысты талаптар да күшейтіледі екен. Мұның бәрі жақсылық, түптеп кел­генде, келешегіміздің кемел бола­шағы жолында жасалып жатқан ізгілік деп түсінеміз.

Әр адамның өсіп-өнетін, өнеге алатын шаңырағы зор маңызға ие. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейтін халықпыз. Осы орайда Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңіне қатысқанымызды мақтанышпен айтамын. Бақыт ұялаған, береке қонақ­таған еліміздің алар асулары биік болғай. Елбасы Жолдауы елдің мәртебесін биік­тетіп, еңсесін көтере берсін. 

Сүндет ТАСҚАРИН,

соғыс ардагері, Индер ауданының құрметті азаматы

Тың бастамалардың қайнар көзі

Міне, Елбасы тағы да өзінің кезекті Жолдауын жариялап, мемлекетіміздің әлеуметтік салаға қатысты басым міндеттерін нақтылады. Бұл стра­те­гиялық құжатта халықтың көкейінде жүрген көптеген сауалға нақты жауап берілді. Нақтылай айтқанда, Жолдауда тұрғындардың тұрмыс-тір­шілігін жақсарту, жұмыс істеуге қабі­летті барлық азаматтарды өздерінің кәсі­біне, мамандығына, біліміне сай лайық­ты жұмыспен қамтамасыз ету қажет­тігі баса айтылды. Елбасының, әсіресе ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көбейтіп, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру туралы тапсырмасы ха­лықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Бұл бастама жалақысы төмен аза­маттарға жақсы қолдау болары анық.

Тағы бір айта кетер жайт, мемлекет­тің алдағы бес жыл көлемінде ішкі жалпы өнімнің 10 пайызын білім, ғылым және денсаулық сақтау саласына бағыттайтыны белгілі болды. Бұл – түсіне білсек, үлкен қолдау. Өз кезегінде миллиондаған адамның әл-ауқатын арттыруға, халыққа аса қажетті салалардағы көптеген мәселе­лерді уақыт талабына сай оңтайлы шешуге мүмкіндік бермек.  

Мен өзім университетте оқытушы болып жұмыс істейтіндіктен, Елба­сының қоғамымыздағы мұғалімдер­дің мәртебесін көтеру ісін күн тәрті­біне шығарғанын зор ықыласпен қа­былдадым. Президент ұстаздардың қоғамдағы қадірі мен бағасын жоғарылату үшін бірқатар ауқымды міндеттер жүктеді. Осы орайда бірін­шіден, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатын болды. Бұл заң арқылы мұғалімдердің құқығы жоғары деңгейде қорғалатынына, олардың мақсат-міндеттері уақыт талабына сай белгіленетініне сенеміз. 

Жалпы, Елбасы мұғалімнің тікелей өзінің кәсіби ісімен айналысуына, яғни балаға білім беру және тәрбиелеу ісімен ғана шұғылдануына жағдай жасауды баса айтты. Бұл жерде қоғамдағы ащы шындық қозғалды. Елбасының осы тұрғыда қадап айтқан сөздерін халық жылы қабылдады. Бұл Елбасының халықтың арман-тілегін, нені қалайтынын жүрегімен сезіне білетінін ұқтырса керек. 

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы жұртшылықты толғандырып жүрген мәселелер мен шешімін күткен жағдайларды нақтылай отырып, ел игілігі үшін атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарын түзіп берді. Енді барша қазақстандық ауыз­бір­шілік таныта отырып, көрсетілген мақсат-міндеттерді еңсеруі керек.

Жанар БАЙДАЛЫҚЫЗЫ,

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті дайындық факультетінің оқытушысы 

Түркістан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2018

Асхат Маемиров Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

15.11.2018

Бекзат жаттыққан спортзал

15.11.2018

А. Майтиев тариф қалыптастырудың ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді

15.11.2018

Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

15.11.2018

Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды

15.11.2018

Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтады

15.11.2018

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

15.11.2018

Алматыда композитор Әсет Бейсеуовты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Президент Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты қабылдады

15.11.2018

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

15.11.2018

Елбасы Словакия Республикасының Премьер-Министрі П. Пеллегринимен кездесті

15.11.2018

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына арналған дәстүрлі музыка фестивалі аяқталды

15.11.2018

Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара іс-қимылын оң сипаттады

15.11.2018

Алматыда «Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері»  атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

15.11.2018

Алматы полициясы: ірі сатып алушының үйінен ұрланған заттар иелеріне қайтарылды

15.11.2018

ШҚО-да атқа мінген ауыл әкімі қасқырдан құтқарып қалды

15.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

15.11.2018

Қостанайда жол-көлік оқиғасы 5,9 процентке азайды

15.11.2018

Аягөзде зағип жандарға құрмет көрсетілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу