Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингі өтті.   

Егемен Қазақстан
21.10.2018 1375
2

Қазақ тілі мен өзге тілдерді оқытуда инновациялық әдістер мен технологияларды зерделеу, тәжірибеге енгізу сияқты көкейкесті мәселелер семинардың өзегіне айналды.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Тіл саясаты басқармасының сарапшысы Гауһар Маданова, «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің директоры Сәуле Бақтыбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Хасанов, «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласы Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі Жанна Шаймұханбетова,  Күрдтер қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев, профессор Айгүл Сатбекова, т.б. әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептердің мұғалімдері қатысты.

«Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің директоры Сәуле Бақтыбаева жексенбілік мектептерде  қазақ тілі мен ұлттық тілдерді жеделдете оқытудағы көкейтесті мәселелерді атап өтті. Осы орайда аталған мекеме тарапынан кез келген мәселені сараптап, жан-жақты зерттеп, айқындауға байланысты кешенді шаралар жүзеге асуда.

Жексенбілік мектептер мәдени-ағартушылық жоба ретінде мектеп жасына дейінгі балаларды, оқушылар мен ересектерді тілге баулумен қатар, туған елдің тарихы, мәдениеті тұрғысындағы ақпараттармен қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Ағымдағы жылы республикалық және аймақтық ұлттық-этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстарында 144 топ құрылды. Онда бүгінде 26 ұлттың өкілдері білім алуда. Олардың 70 пайызын мектеп оқушылары мен жастар құрайды. Ал жексенбілік мектептерде  қазақ тілі мен өзге тілдерді жеделдете оқытудың өзекті мәселелерін шешу уақыт талабы. Бұл институционалды оқу орны емес, қосымша әрі тегін білім беретін мектептер.

Жексенбілік мектептер бір жүйеге келтірілген бағдарламаны, жан-жақты қамтитын тұжырымдаманы қажет етеді. Осы орайда мамандарға да кәсіби қолдау қажет, яғни тіл үйретудің әдіс-тәсілдерінің, этнопедагогиканың және елтану негіздерімен қатар кәсіби психологиялық көмектің маңызы зор. Жексенбілік мектептер тыңдаушыларының жасы да, білімі де әр түрлі келетіндіктен, олармен тіл табысу, тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда үлкен шеберлік қажет. Осы орайда мамандар мәселесіне, оқыту бағдарламасына, арнайы оқу құралдарын әзірлеуге ерекше назар аударған жөн.

Семинарда әдіскер-ғалымдар мемлекеттік және өзге де ұлт өкілдерінің тілдерін оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептердің үздік  мұғалімдері шеберлік сабақтарын көрсетті.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда шетелдіктер тастап кеткен кемелерді сатып алып жүр

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу