Қазақстан • 23 Қазан, 2018

Астанада жолаушылар автобусы оқушыны қағып кетті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Астанада жолаушылар автобусы оқушыны қағып кетті

«23 қазан күні шамамен сағат 14-10-та Кенесары көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Берілген ақпаратқа сәйкес, №40 бағдар автобусының жүргізушісі Кенесары көшесімен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншіні қаққан. «Жол оқиғасы салдарынан 2003 жылы дүниеге келген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыз сол жерде қаза тапты», - делінген хабарламада.