Ақтөбе облысында көктайғаққа қарсы 16 мың тоннадан астам қоспалар дайындалды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында жергілікті және республиккаалық маңызы бар автокөлік жолдарының қысқы жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
21.12.2018 492
2

Өңірдегі көлік жолдарының жалпы ұзындығы 6 946,3 шақырымды құрайды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиевтің айтуынша, қысқы кезеңде облыстық және аудандық маңызы бар  5 мың шақырымнан астам көлік жолына қызмет көрсету үшін 38 кәсіпорын жұмылдырылған, олардың активтерінде 266 бірлік техника бар. Көктайғаққа қарсы инертті материалдардың қажетті қоры - 2500 тонна, көлемі 500 тонналы дизель отынының резерві құрылды. Ауа райының нашарлауына жедел әрекет ету үшін 1 желтоқсаннан бастап кезекшілік ұйымдастырылды. «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск», «Ақтөбе-Болгар-Шұбарқұдық» және «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» көлік жолдарының қар қатты басып қалатын жерлеріне 12 мың метрлік жасанды қар тоқтататын қондырғылар  орнатылуда.

Сонымен қатар, Ақтөбе көшелерін, айналма жолдарды уақытында тазалау үшін 15 арнайы кәсіпорын еңбек етіп жатыр, 250 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Көктайғақпен күресуге мың тонна құмды-тұзды қоспа мен 700 тонна тұз дайындалды. 17 бірлік құмшашыратқыш тәулік бойы дайын тұрады. Сондай-ақ, арнайы техника мен жауапты тұлғалардың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар 1676 шақырым көлік жолына қызмет көрсетеді. Филиал директоры Марат Махамбетовтың мәліметінше, қысқы кезеңде төтенше жағдайды болдырмау үшін 7900 тонна көктайғаққа қарсы материал, 3900 құм-тұз қоспасы, 600 тонна тұз, 268 тонна дизель отыны жиналған. Эксплуатациялық қызмет қарамағында қар тазартатын 86 бірлік техника бар. «Қазақавтожолдың» барлық 17 жол-эксплуатациялық жерлерінде жылыту бекеттері орналасқан. Бұдан басқа, қала сыртындағы жолдарда жолда қызмет көрсететін 74 нысан бар, олар төтенше жағдай кезеңдерінде жылыту бекеті қызметін көрсетеді.

Жиын қорытындысында өңір басшысы арнайы техникалрдың дайындығы мен инертті материалдардың барын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен бірге, өңір басшысы жолдағы қарды қардың түсуін күтпей, тез тазалап тастау керектігін ерекше атап өтті.

«Автокөлік жағдайына жауапты ұйымдар, мекемелер адал ниетпен жұмыс жасаулары қажет. Басты міндет – көлік қозғалысының шектелуіне жол бермеу. Мердігер мекеме басшыларынан сіздермен отырған келісімшарттың барлық тармақтарын орындауларыңызды сұраймын», деді Бердібек Сапарбаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу