Атырау облысында құқық қорғау органдары балықтың жаппай қырылуына кінәлілерді анықтайды

Атырауда балықтың жаппай қырылуы себептерін анықтау және жиналған өлі балықтың өңірдегі базарларда сатылуына жол бермеу жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссияның кезекті отырысын Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев өткізді,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Егемен Қазақстан
27.12.2018 9077
2

Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетовтың айтуынша, қазір ведомствоаралық комиссия өлген балықтың санын есептеумен айналысып жатыр.

-Балық шаруашылығы субъектілерін тарту арқылы және өкілетті органдардың бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде инспекторлар 4 тонна 165 кг өлі балық жинады.  Балық қорына келтірілген залал 4 млн 200 мың теңге.  ЖЭО қызметкерлері мен инспекторлардың Перетаска өзегінен жинаған балық көлемі 1 тонна 304 кг болды, яғни 1 млн 254 мың теңге залал келген. Балық қорына келген залал туралы анықтама қылмыстық іс материалдарына қосу үшін полиция департаментіне жолданды,  - дейді Данияр Баймағамбетов.

Балық қырылуына қатысты дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Атырау облыстық экология департаменті «Атырау Су Арнасы» ЖШС-ін тексеруді аяқтады.  Атырау ЖЭО тексеру тобын дайындауда. Тағы екі нысанда,  бекіре балық өсіру зауыттарында тексеру жүргізіледі.

Бастысы, ведомствоаралық комиссия отырысына шақырылған қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерін балықтың неліктен қырылғаны және  су мен балықтың тазалығы мәселесі алаңдатты.  Отырыста айтылғандай,  балық өле бастаған уақыттан бері алынған барлық сынамалар зертханалық тексеруге бағытталған.  Нақты себепті анықтау үшін уақыт керек.

-Бүгінге дейін Жайық өзенінің түрлі нүктелерінен 69 сынама алдық. Су жағдайында ешқандай ауытқушылық тіркелмегенін сенімді түрде айтамыз. «Атырау Су Арнасының» тазарту қондырғыларынан да су сынамасы алынды. Санитарлық нормадан ауытқу болған жоқ,  - деді Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары  Амантай Жұмағалиев.

Жиналыста Жайық өзеніндегі және «Атырау Су Арнасы» тазарту қондырғысындағы су сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу туралы ұсыныс айтылды. Бұл жұртшылықты судың қауіпсіздігі туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.  Ветеринарлық қызмет пен полиция өкілдері базарлардағы балық өнімдерін бақылауға рейд жүргізу бойынша жасалған жұмыстарды айтты. Бұл жұмыстар күнделікті жүруде және зертхана сынамалары сатылымдағы өнімдердің қауіпсіздігін көрсетіп отыр.

-Базардағы барлық балық өнімдері сертификатталған. Бақылау жасалады. Өлгеннен кейін жиналған балықтар сатылып жатыр деуге еш негіз жоқ.Балық аулау маусымында өндірістік кооперативтердің аулаған өнімдері, -деп атап өтті Әлібек Нәутиев. – Ауланған балықтың бір бөлігі өңделеді де саудаға шығарылады,  келесі бөлігі мұздатылады,  сондықтан тұрғындардың балық өнімдерінің сапасына алаңдамауларына болады.

Әлібек Нәутиев сондай-ақ облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен Жайық-Каспий бассейнінің сағасын зерттеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.  Тұрғындардың Каспийдегі жағдайға алаңдауы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында.

- Әзірге ауа-райы жағдайы теңіз бөлігін зерттеуге мүмкіндік бермей отыр. Біз бірақ Жайық өзенінің жағдайын бақылауда ұстай береміз.  Балықтың қырылуын тексеру мәселесі жұртшылыққа ашық айтылатын болады. Бұрын да айтылғандай, балық өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, онымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр,  сол аяқталмайынша ешкімді кінәлай алмаймыз. Көптеген сауалдарға жауап беретін осы тергеулердің аяқталуын күтеміз. Әзірге күн сайын мониторинг жүргізіп,  халықты Жайық өзені су бассейнінің жағдайы туралы ақпараттандырып отырамыз. Бастысы – қазір балық өлімінің жаңа деректері тіркелген жоқ, - деп қортындылады Әлібек Нәутиев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу