Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда балалар өлім-жітімі 2 есе төмендеді

746 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы «Қазақстан Республикасындағы педиатриялық қызметтің соңғы 10 жылдағы жетістігі» тақырыбында баспасөз брифингін өткізіп, төмендегідей мәліметтерді жариялады.

Қазақстанда соңғы 10 жылда балалар өлім-жітімі 2 есе төмендеді

Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша басымдық берілген стратегиялық шаралар 2016–2020 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы өз шешімін тауып, соңғы жылдары балалар мен нәрестелердің өлім-жітімі көрсеткішінің төмендеуіне мүмкіндік берді. Соңғы 10 жылда балалар өлім-жітімінің көрсеткіші 2 есеге (2017 жылы 1000 нәрестеге шаққанда 10,2) және нәрестелер өлім-жітімінің 2,6 есеге (2017 жылы 1000 нәрестеге шаққанда 7,9) төмендеді.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымының міндетін атқарушы Жанар Сауранбаеваның айтуынша, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасында босандыру мен балалық шақ қызметінің тиімділігін арттыру бойынша біріктірілген үлгіні енгізу жөніндегі Жол картасы жүзеге асырылуда. «Балалар денсаулығын қорғау денсаулық сақтау саласының, мемлекет пен қоғамның ең өзекті және ең маңызды мәселелерінің бірі. Себебі, балалардың денінің саулығы ересектер денсаулығының әлеуетін қалыптастырудың іргелі негізін құрайды. Еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  ана мен баланың бірге болуы, тек қана емізу, күні жетіп туған және ересек балаларды бағып күтуге жіберуге арналған «Қауіпсіз ана» стратегиясын қабылдады. Қазақстанда Орталық Азиядағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен салыстырғанда  бір жасқа дейінгі балалар өлімі (7,9‰) нәрестелер өлімі көрсеткіші деңгейінен 1,2 есеге төмен (ТМД бойынша – 9,3‰: Қырғызстан – 19,9‰; Тәжікстан – 11,8‰, Өзбекстан – 10,7‰;  Әзірбайжан – 9,8‰; Ресей – 7,3‰). ҚР ДСМ-нің жанынан Балаларға медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Өңірлердегі балаларға медициналық көмек көрсету ісіне  мониторинг жасай отырып, ана мен бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі Республикалық штаб ұйымдастырылды, көшпелі отырыстар өткізілді.

2018 жылы басқарушылық шешімдер қабылданған Республикалық штабтың 13 отырысы өтті. Елімізде педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты енгізілді», деді Жанар Сауранбаева.

Брифингте педиатриялық қызметтің соңғы 10 жылдағы жетістігі атап өтілді.       

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43