Кездесу барысында инвестициялар, ауыл шаруашылығы, энергетика және цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, Қазақстан–Франция қарым-қатынасын одан әрі кеңейтуге қатысты бірлескен жұмыстардың жоспары қаралды.
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2018 жылғы қаңтар–қараша аралығында $4 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ($3,1 млрд) 27,3%-ға жоғары. Қазақстаннан Францияға экспорт 2018 жылғы қаңтар–қараша айларында 27,7% өсіп, $3,4 млрд құрады.