Әлеуметтік салада үлкен өзгерістер болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 500 теңгеге дейін өсті. Бірлескен зейнетақыны индексациялаудан кейін базалық зейнетақыны ескере отырып, ең жоғары зейнетақы мөлшері 116 811 теңгені құрады, ең төмені – 52145 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындар келесі бес жылда ІЖӨ-нің 10% -ына дейін артады деп күтілуде.
Бүгінгі басты және ең өзекті мәселелердің бірі – баспана жайы. Былтырдан бастап «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы қолға алынды. Өткен жылы серіктес банктер 44,2 млрд теңге сомасында ипотекалық несие берді. Аймақтарда қатысушылар саны бойынша көшбасшы – Астана қаласы, одан кейінгі орында Алматы қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары. Банктердің ішінде тұрғын үй сатып алуға берілген несиелердің басым бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен берілген. 2018 жылы банктің 37 мыңға жуық салымшылары өз шаршы метріне ие болды. Ең көп несиелер Астана (7,7 мың несие), Алматы (5,8 мың несие) қалалары және Ақтөбе облысында (3,7 мың несие) берілді. Ондағы 37 мың несиенің 42%-ы бастапқы нарықта тұрғын үйді сатып алуға, ал екінші нарықта 52%-ды құрады.
Жаһандық экономикалық ахуалдың турбуленттілігі жағдайында Қазақстан жаңа биіктерді одан әрі өрістететін зор әлеуетке ие.
Мәдина НҰРҒАЛИЕВА,
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары