23 Қазан, 2012

Отанымыз – ортақ үйіміз

405 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Отанымыз – ортақ үйіміз

Сейсенбі, 23 қазан 2012 7:26

Нұрсұлтан Назарбаев:

Қазақстанды, қазақты достық­тың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арай­лы уықтары іспетті.

Сейсенбі, 23 қазан 2012 7:26

Нұрсұлтан Назарбаев:

Қазақстанды, қазақты достық­тың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арай­лы уықтары іспетті.

Бұл ретте байтақ мекенде бар­шамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар.

Ол – біздің талайлы тағдыры­мызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.

Ол – біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз.

Біздің жасампаз тарихымыз­ды елдің әрбір азаматы мақтан етуге тиіс.

Сондықтан, біз тамырын те­рең­ге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарихи таным­ды ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.

Ел бірлігін еселейтін бұл құн­дылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуел­сіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырыс­ты болады.

Бұл ретте тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы біз үшін мерейлі меже ғана емес, болашаққа бағдар болатын байыпты белес.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінен.

 

Көп тілегі қабыл болсын!

Корей этносының Қазақстанда тұрып жатқанына  биыл 75 жыл болыптыҚостанай жеріне күздің қара суығында арып-ашыпжүк вагоныменкелгенін,  қазақ халқының  бір үзім нанын  бөліп беріп,  бауырынабасқанын корейлер ұмытқан жоқСол  сұрқайарқаның суығына шыдамай қырылған күндердің куәгерлері арамызда әлі  жүрҚостанайқаласының сыртында  бір қыстың ішінде ғана үлкен корейлер бейітіпайда болған екенСодан бергі жылдарда қазақтармен қиындықтарды да,қуаныштарды да бірге көрдікСоғыстан кейінгі жылап-сықтағантыңкөтеру жылдарындағы күні-түні тыным көрмей еңбек еткен уақыттыңбарлығында қазақтармен бірге болдықКеңқолтықбауырмалтөзімдіхалық ұлтымыздытілімізді бөлектеген жоқ.

 

Қазақстан Тәуелсіздігін алғанда қа­зақ­тармен бірдей қуанған корейлерміз. Қазір осы бауырмал халықпен тату-тәт­ті тұрып қана қоймаймыз, тіпті құд­андалы болып кеттік. Алысқа барып қайтейін, өзімнің туған немерем қа­зақ­тың қызына үйленді. Келінім тамаша! Ал туған сіңлімнің қызы  қазаққа тұр­мысқа шықты. Барлығы да өсіп-өніп жа­тыр. Құдалармен бөтендігіміз аса біліне де қоймас. Өйткені, барлы­ғы­мыз­дың көзіміз, шашымыз, тәмпиіп мұр­ны­мыз да ұқсап тұр.

Күні кеше ғана Қостанайда корей этномәдени бірлестігі Қазақстанда тұ­рып жатқанымыздың 75 жылдығын ата­ды және қарттарымызға  дастарқан жайдық. Осы шараға арнап ұйым­дас­тырылған концертте корейдің әншілері қазақтың әндерін  сызылтып салғанда  құлақтың құрышын қандырды. Көп­тір­мей-ақ айтайын,  біздің  корейдің әуейі әншілері Шәмшінің әндерін қазақ­тар­дың өзінен бір де кем салмайды.

Қазақтарда «көрпеше салсаң, өзіңе саласың» деген мақал бар. Қазақ пен ко­рейдің сыйластығында шек жоқ. Жыл сайын Құрбан айт келгенде мұ­сыл­­ман­дарды осы діни мейрамымен құттық­тай­мыз. Қазақтар дастарқан жайып, құр­былар мен көрші-қолаңнан «айт шайын» ішеміз. Мұның барлығы да қазақтардың, жалпы мұсыл­ман­дар­дың дініне деген құрмет болып табы­лады. Жаратқан иеміз жұмыр жердің аман­дығын, еліміздің тыныштығын берсін!  Құрбан айтта көп тілегі қабыл бол­сын!

Людмила НАМ,

Қостанай облыстық корей этномәдени бірлестігі

төрағасының орынбасары.

ҚОСТАНАЙ.

 

Асыл қазынамызды ардақтайық

Облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің құрылып,жұмысқа кіріскеніне бір жылдан енді астыОсы уақыттың ішіндеқоғамдық ұйым мемлекеттік тілді дамыту мен оны қолданудың аясынкеңейтуді және Қазақстан Республикасының тілдер және мәдениет туралызаңдарының орындалуын бақылауға алыптілге қатысты мәселелердіреттеудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға едәуір ықпал етіпкеледі.

Адамның жаңғыруы – қоғамның жаң­ғыруы. Сана жаңғырмай, тіл де жаңғырмайды. Біздің қоғам мүше­ле­рі­нің атқарып жатқан жұмысында мемлекеттік тілге деген оң көзқарасты қа­лып­тастыру басымдық алады. Қазақ­стан­дық азаматтың адами капиталының өсу көрсеткіші елжандылық, рухани бірлік болса, оған мемлекеттік тілді меңгеріп барып жетуге болады. Бұл кәсіби бі­лік­тіліктің де, мәдениеттіліктің де өнегелі тұғыры деп білеміз.

Егеменді ел болып, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Одан бұрын да өзге ұлттың өкілдерімен ынтымақты бір­лікте, берекелі түсіністікте қатар жүр­дік. Бәріміздің жүрегімізге жы­лы­лық ұялататын қарапайым қағидат бар. Ал бүгінгі күні өзің тұрған ел хал­қы­ның тілін білу адамдар арасындағы қа­рым-қатынастағы бұлжымас заңдылық екендігі барынша айқындала түсуде. Бұл – бәрімізге керек қажеттілік. Мұн­дайда жергілікті халықтың жауапкершілігі де, үлгі-өнегесі де еселене түс­пек. Өкі­ніш­ке қарай, өзіміздің кейбір жастар өзінің ана тілін білмегенді кемшілік сана­май­ды. Біз жастарға ұлттық тәрбие беруде адамның рухани да­муы­на, жетілуіне Абай ойларының фило­со­фиялық тәлім түйінінің маңыздылығын насихаттай алмай жүрміз. Қоғамы­мыз­дың қазіргі даму сатысында қазақ жас­тарын олар­дың ішкі әлеміне үңіліп, адами қасиет­терді жетілдіру негізінде тәрбиелеу ай­рықша маңыз алмақ. Өйт­кені, ұлт пен ұлыс талғамайтын осынау моральдық фи­лософия жүрегі елім деп соққан, қайратын адамзат бақытына жұмсай­тын, ақылын асыл істерге ба­ғыт­тайтын толыққанды адам тәрбие­сіне негізделген. Мұндағы басты түйін – адам­шыл­ық­ты сақтай отырып, ха­лық­­пен бірге болу, бірге өсу.

Жұмысымызды осы бағытта құра оты­рып, ортақ іске өзге де қоғамдық ұйымдарды тартуға тырысудамыз. Біз­дің бірлестікке мұсылман әйелдері ли­га­сынан, гуманитарлық зерттеу қоры­нан, білім ордаларынан, театр мен кітапханадан мүшелер тартылған. Қо­ғамдық ұйымымызда «Ақсақалдар», «Асыл әжелер», «Имандылық», «Жа­лын­ды жастар» топтары құрылып, жұ­мыс істеуде. Ал жетпістің жота­сын­дағы Нығмет Ерханұлы тастанды ба­ла­лардың аналарымен жұмыс істеп жүр.

Қазақ халқының дәстүрлі той-мере­ке, сауық-сайран және ұлттық ойын­да­ры­ның шығу тарихы мен оның мәніне сипаттама берген белгілі ғалым-эт­но­граф Биқұмар Кәмалашұлының мектеп оқушыларына, балабақша жеткіншектеріне арналған кітабын білім орда­ла­рында әдістемелік құрал ретінде пайдалану жөнінде облыстық білім бас­қар­масына хат жолдағанбыз. Ұсынысымыз қабылданып, облыс мектептеріне нұс­қау жіберілді. Қазіргі заманда теледидар мен компьютерге қадалып, көзін ауыртып, қозғалмай отыру ден­сау­лыққа зиян, психикасына кері әсер ететінін БАҚ айтып та, жазып та жатыр. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, асық ойынының әлеуметтік және педагогикалық маңызы зор. Ол үшін күрделі спорт алаңының қажеті жоқ. Кез келген тегіс жерде ойнай беруге болатын, әр балаға қолжетімді ойын. Біздің ұсынысымыз Көкшетау қалалық әкімдігі тарапынан қолдау тауып, 4 мектептің қатысуымен қанатқақты жоба шеңберінде асық ойынынан жарыс өткізілді. Оны дәстүрге айналдырып, ұлттық ойындардың басқа түрлерімен бірге жалғастыратын боламыз.

«Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғам­дық бірлестігін аралас мектептер проб­лемасы қатты толғандырады. Осы мақсатпен облыс орталығындағы №11 және №13 мектептердің немесе №17 және №19 мектептердің негізінде тағы бір таза қазақ мектебін ашу жөнінде мәселе көтердік. Ол жергілікті атқару органы тарапынан қолдау табады деген үміттеміз.

Мейрамбек КИІКОВ,

Ақмола облысы Қазақстан халқы

Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 Ақмола облысы.

 

Қазақтың келіні, хакас қызы – Раиса

Адам тағдыры қызық. Өзің ойламаған жайлардың бәрі күтпеген жерден болады. Қазақ жеріне ғұмырлық болып бауыр басып қалған Раиса апаның тағдыры да дәл сондай. Ойламаған жерден махаббаты күтіп алды.

– Біздің аудан орталығында өз аға­мызға тұрмысқа шыққан хакас апамыз бар еді, – деп аудан әкімі Жанат Шұ­ғаев келген сайын құлаққағыс етіп жү­ретін. Әрі қазаққа келін болып түскен орыс, украин, неміс қыздарын, я болмаса керісінше бізге күйеубала болған өзге этностың жігіттерін жиі кездестіреміз.

Ал хакас сияқты аз ұлт өкілдерімен отбасын құрған қазақтарды сирек естисіз. Сондықтан, біздің қазаққа келін хакас апамызды көргіміз келді.

Қазақстанда бұл күндері 400-дей хакас тұрады екен. Ал Раиса апаның айтуынша, облыс бойынша өзі жалғыз болса керек, сұрастырып көргенде, еш дерек кездеспепті.

– Ойбу, қызым-ай, 70 жасқа келіп қалдық. Елім, жерім – Қазақстан, Железинка ауылы, аудан орталығы, бала-шағам үбірлі-шүбірлі, бәрі де ержетті, немерелерім қасымда, отбасым, отағасы Есімжан, міне, жанымда, олар менің бү­кіл ғұмырым, бақытым ғой, – дейді Раиса апа. Қазақ тілінде өзіміздей сөйлеп отыр. Бір көрген адам хакас қызы деп ойламайды да. Тілі, болмысы, тынысы-тіршілігі түгелімен қазақ болып кеткен. Бауырсағын пісіріп, етін асып дас­тар­қан жайып, кеңпейіл өз апа-әжеле­ріміз­дей-ақ. Иә, қазаққа келін болып түскен өзге ұлт өкілдері қыздарының бәрі ота­ғасының ұлтына қарай қазақы бол­мыс­қа сіңіп, ұл-қыздарын да қазақ етіп өсір­се деген ойға қаласың.

– Мен 1943 жылы Красноярск өлке­сінде тудым. Әкемді Андрей, шешемді Евдокия деп атайтын. Сол жерде мектепте оқыдым, бойжеттім, Абакандағы музыкалық шағын оқу орнын бітірдім. Сол 60-жылдардың кезі. Омбыда аялдамада тұрған жерімде қазақ жігіті Есімжанмен таныстым. Тағдыр деген сол. Аталарың ол кезде Омбыдағы дә­рігерлік училищені бітіріп, Алматыда дәрігерлік оқуын әрі қарай жал­ғас­тыр­мақ болып жүрген екен. Жастық шақ, ал­бырт кездеріміз ғой. Бір-бірімізді ұнат­тық. Ойымызда сен қазақ, мынау хакас деген бөліну, бұл қалай болар екен деген ой болған жоқ.

– Қазақ тілін қалай үйрендіңіз?

– Ауылға келін болып түссең, қалайша қазақша үйреніп, сөйлемейсің, қызым-ау. Есімжанның шешесі Мәкен енем мен келін болып түскенде Райхан деген ат берді. Райхан болған соң, қа­зақ­тың үйіне келін болған соң сол ха­лық­тың тілін, дінін, болмыс-бітімін қабыл­дауға міндеттісің деген сөз. Ол уақытта келіндер ибалы, үлкен кісілерге орысша сөйлеп жүрген де ұят. Хакас тілінің қазақ тілінен айырмашылығы ж-ч, й-з, ұ -о дыбыстары ауысып келеді. Мысалы, чыл – жыл, наа – жаңа, азах – аяқ, сол – ұл. Хакас тілі, жалпы алғанда, қазақ, қыр­ғыз тіліне ұқсас, жақын, бәріміз де тарихы, тағдыры даламен байланысты түркі тегінен шыққан халықтармыз ғой, – дейді Раиса апа. Хакастың, музыкалық көне аспабы – чатхан қазақтың жетігені тәрізді. Екі ішекті шертіп ойналатын хомыс деген аспап бар. Оның сопақша келген ағаш шанағы қойдың немесе бұғының терісімен қапталады. Ішегі жылқының қылы, перне тағылмайды. Хомыс қазақтың шертеріне ұқсас.

– Сіз Алматының Жамбыл атын­дағы филармониясында хор капел­ласында ән салыпсыз ғой?

 

– Есімжан дәрігерлік оқуын оқыды, от­басын құрдық, мен өнер жолын таң­дап, филармонияда қызмет жаса­дым. Ол бір өнермен, әнмен өткен жылдар еді ғой. Содан кейін, қазақ жолы бо­йын­ша, елде қалған ата-енемізге оралу керек болды. Есімжан екеуміз Железинка қайдасың деп Алматыдан жолға шықтық. 1970 жылы біздерді оқу бітіріп келген жас мамансыңдар деп әуелі осы ауданның шалғайдағы Новокузьминка, одан кейін Киров деген деген ауылдарына жіберді. Ол дәрігер, мен мәдениет үйінде қызмет істеуді бас­тадық.

– Хакас тілінде бір ән орындап бер­сеңіз кәне, – деп едік, Раиса апамыз хакастар арасында, Абакан жақта өткен балалық шағы, жастық күні есіне түсіп кетті ме, тебірене толқи айтып берді. Хор капелласында ән айтқан апа­мыз­дың дауысы әлі күнге дейін өткеннен бір белгі ретінде сақталғанын байқадық.

– Ал, ата, қанша ұл-қыз, бала-шағаңыз бар? – деп манадан бері біздің әңгімемізді бұзбай, үнсіз тыңдап отыр­ған отағасына бұрылдық.

– Рахмет, қызым, Раиса 45 жыл ауылдың, облыстың сахнасында ән салды. Бірнеше рет байқаулардың лау­реаты атанды. Мен өзім талай жылдар бойы аудандық аурухананың бас дә­рігері қызметін атқардым. Мен Раисаны қалжыңдап, «декабристка» деп атай­мын. Үйленген соң, ауылға, елге алып кетемін, әке-шешем ауылда тұрады дедім, бұртиған, бәлсінген де жоқ, ауылға келін болып түсті, анамнан көп нәрсе үйренді, кәдімгі қазақ келіні, қазақ әйелі болып қалды осында, – деп атамыз бір рахаттанып күліп алды.

Міне, Раиса-Райхан апа мен Есімжан Әбілғазиндердің қазақ пен хакас қызы құрған отбасы бүгінгі күннің жастарына үлгі-өнеге боларлықтай. Өздері айтқандай, күтпеген жерден кездестірген тағдырларына риза.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы,

Железинка ауданы.

Суреттерде:  ерлі-зайыпты Есімжан және Раиса Әбілғазиндер; бала-шаға ортасында.

 

Жақсылыққа  жақсылық

Еліміздің қай өңірінде де тұрғылықты халықпен бірге сан алуан ұлтөкілдері өмір жарастырып отырсаҚазақстан өндірісінің қара шаңырағыәрі көшбастаушысы саналатын аймағымызда да сондайлық тұрмыс көркіқалыптасқанОсынау мәуелі бәйтеректің бір бұтағы еврейлер қауымыекенін мақтан тұта айта аламынБіздің қазақтармен тағдырымызтамырласқанына 100 жылдай болып қалыптыАл көбірек сіңісіпетенеараласуымыз өлкеде кен көздері игерілуібілім беру мен мәдени ошақтарпайда болуымен басталады.

Сталиндік озбырлықтың шең­ге­ліне ілігіп, Қарлаг азабын шеккеннен кейін барар жер, басар тауы болмай қалып қойған қандас­тары­мыз да аз болмады. Осылайша та­ра­лып, тамыр жайған еврейлер бүгін­де бауырластық пен бірліктің арқа­сында облысты мекендеген барша ұлт өкілдерімен бірдей жаңарып, жаң­ғырудағы Қазақстанымыздың одан әрі өркендеуіне өзіндік үлес­терін қосып келеді.

Биыл, дәлірек айтқанда, осы жазда еврейлердің облыстық этно­мәдени бірлестігі құрылғанына 20 жыл толды. Басқа да бірлестіктер сияқты ұлттық салт-дәстүрді сақ­тау, ана тілді қадірлеу, бауырына басып, ынтымаққа ұйыстырған Қа­зақ елінің мерейін өсіру, мақсат-тілегіміз ортақ барлық ұлттармен достықты нығайтуды басты парыз санаймыз. Қазір әлемдегі жағдай әртүрлі екені белгілі. Сондықтан біз татулық пен түсіністіктің қадірін жақсы білеміз. Одан қымбат ештеңе жоғына көзіміз жетіп отыр. Сондай орта қалыптастыруға, тілдері бөлек болса да тілектерін түйістіруге барша отандастарымызды біріктіруші Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз.

Мен тарихи отанымда болып тұрамын. Ол жақта бұрынғы қазақ­стандықтар аз емес. Кездесе қалсаң, қай-қайсысы да қазақ халқының кең­пейілдік, туысқандыққа тарту қасиетіне ризалықтары шексіз екенін, соны жеткізуді өтініп жатады.Оның құндылығы, әсіресе, басқа жерлермен салыстыра қарағанда айрықша байқалатындығын айтады. Солардың бірі облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде ұзақ жыл фото­тілші болған, өлке өмірінің фотошежірешісі атанған Юрий Хейфиц байырғы ұжымымен бай­ла­ны­сын үзбей келеді. Белгілі сұрапыл соғыстан соң жасөспірім шағында Қарағандыға тап болған ол осы газет журналистерінің құшаққа алуы арқасында өмір қуанышына бө­лен­генін әсте ұмытпайды. Қиын тағ­дыр­лары осылайша қазақ бауыр­ла­ры­ның шынайы қамқорлық шуағы­мен шырайланып, соның ізгі ізі Қазақстанға деген сүйіспеншілікті тереңдеткен сезім, бауырлас халық­тардай ұлттық құндылықтарды қас­терлеуге барынша жағдай жаса­луы­на құрмет жаппай еврей қауымына тән дер едім.

Қаладағы жексенбілік еврей мек­тептерінде балалар ана тілдерін үйренумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгеруге ықыласты. Тұрғы­лық­ты жұрттың мәдениеті мен әде­бие­тін, тарихын білуге құмар. Өмірдің өзі жақындастырған, жүрек үнін үй­лестірген осындай бауырмалдық жақ­сылыққа жақсылық жасаудың ниеті.

Шындығын айтқанда, қазір «Біз – қазақстандықтармыз!» деу бәрі­міз­ге үлкен мақтаныш. Солай бола түсуін тілеймін. Және еліміздегі бар­ша мұ­сылманды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құт­тық­таймын.

Вилен Молотов-ЛУЧАНСКИЙ,

Қарағанды облыстық еврей этномәдени бірлестігінің

жетекшісі.

Қарағанды.