07 Ақпан, 2019

Павлодар облысында бір отбасы ысты газдан уланып көз жұмды

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында тілсіз жау бүтін бір отбасының өмірін қиып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында бір отбасы ысты газдан уланып көз жұмды

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам - ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапты», - дейді департаментте.

Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының бірі Бекбатыровтардың үйіне барғанда есік ішінен жабық тұрған. Оны бұзып кірген ер адам отбасы мүшелерін өлі күйінде тапқан.