Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Көгілдір отынмен қамту ісіне көңіл толмайды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы газ тарту жұмысын сынға алды.

Көгілдір отынмен қамту ісіне көңіл толмайды

Облыс аумағында газдандыру ісі қарқынды жүріп жатақанына қармастан, облыс орталығының тұрғындары табиғи отынға толық қосылып болған жоқ. Дерек бойынша, қазір қаладағы 32 мың нысанның ішінде 2595 абонент қана газ желісіне қосылуға рұхсат алған.

- Алматыдан Талдықорғанға дейін газ құбырын әкелдік. Ендігі облыс орталығы толықтай табиғи отынға қослатын кез болды. Бірақ, тапсырма орындалатын емес. Газ тартумен айналысып жатқан компаниялар ойлануы керек. Жұмыс істемегендер жазаланады, - деді А. Баталов.

Жалпы, облыс орталығы бойынша 5447 жеке тұрғын үй секторы мен көпқабатты үйлердің 9958 тұрғыны табиғи отынмен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы