- Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 25 жоба іске асырылуда, бүгінде оның 7–і іске қосылды. Олар РМЗ-Шапағат серіктестігінің үй құрылыс комбинаты, «Жан Арай жем» серіктестігінің құрама жем зауыты, «АралТұз» акционерлік қоғамының 2 жаңа испан цехы, Арал ауданындағы қаптама кірпіш және асфальтбетон зауыттары, - деді ол.
Былтыр құрылыс индустриясы саласы бойынша екі өндіріс орны іске қосылды. Жаңақорған ауданында қуаттылығы 75 мың тонналық әк зауыты өз өнімін облыстың ішінде ғана емес, республиканың басқа өңірлеріне де шығарып жатыр.
Өткен жылы цемент өндіретін облыстағы алғашқы кәсіпорын ашылды. Кәсіпорын цемент өндіруде негізгі компонент болатын 11 мың тоннадан астам клинкер шығарды. Аймақта басқа да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы