Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Маңғыстауда балалар қызылшаға қарсы екпемен толық қамтылды

218 реткөрсетілді

Маңғыстау облысы аймағында үш айдың ішінде қызылша жұқпасының 41 дерегі тіркелді, ал 701 ата-ана екпеден бас тартқан. Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Г.Шорбасова мәлімдеді.

- Еуропа өңірінде, оның ішінде Қазақстан республикасымен шекаралас елдерде қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың болуы - еліміздің халқы арасында қызылша сырқаттанушылығының өсуіне алып келді. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін, яғни 2019 жылғы 5 желтоқсанға дейін  облыс аймағында 62 қызылша ауруына күдікті жағдай тіркеліп, 41 жағдайы зертханалық түрде дәлелденді.

Ауру жағдайларының 35–і (85,4%)  14 жасқа дейінгі балалар (1 жасқа дейінгі - 19 бала, 1 жастағы 9 бала, 2 жастағы 3, 5 жас тағы 2, 7 жастағы 1 бала және 11 жасар 1 баладан ауру анықталды. Ересектер арасында 6 жағдай тіркелді, деді ол.

Сондай-ақ, инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректер жоқ  265 адам егілді. Барлық медициналық ұйымдарда фильтр ұйымдастырылды. Қазіргі таңда облыс аймағында балаларды (1 жас, 6 жас) қызылшаға қарсы екпемен 99,9 % қамтылды.

Республикада қызылша ауруының өршуіне байланысты 2019 жылдың сәуір айынан бастап желтоқсан айы аралығында қызылшаға қарсы 9-11 айлық балаларды егу жоспарлануда. Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысының айтуынша, облыс бойынша егілуге тиісті балалардың санын 16 676-ды құрап отыр.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар