08 Ақпан, 2019

Жас кәсіпкерлер мен стартаперлер жастар жылына арналған жобаларды талқылады

595 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің «Маңызды» сараптамалық алаңында жастарды жұмыспен қамту және стартаптарға назар аударуға байланысты «Жастар және Start up» тақырыбында сараптамалық пікірталас өтті.

Жас кәсіпкерлер мен стартаперлер жастар жылына арналған жобаларды талқылады

Талқылауға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын ӨРСАРИЕВ, Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел КОКТЫШЕВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцент м. а., әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, компаниялардың бірінші тұлғаларының коучi және командалық коучi (ICF). Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының толық мүшесі (ISA, АҚШ) Гүлнар ИСМҰХАНОВА, Atameken Business channel телеарнасының бас продюсерінің орынбасары Ерболат МУХАМЕДЖАН, Қазақстан Республикасы цифрлық технологиялар және криптоиндустрия қауымдастығының вице-президенті, Crowdsale Network платформасының негізін салушы Ерлан ШАЙXЫМБАЕВ қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстандағы стартап ортаны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Стартаптардың жетістікке жетудегі негізгі мәселелеріне айрықша назар аударылды. Еркін пікірталас форматында цифрлық даму саласындағы әлемдік тәжірибе, жас IT-дарындыларды тәрбиелеу және оқыту, қазіргі заманғы технологиялық жүйелерді дамытудағы қаржылық тұрақтылық, сондай-ақ инновациялық жобаларға инвестициялау мәдениетін дамытудың маңыздылығы туралы пікірлер айтылды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының цифрлық технологиялар және криптоиндустрия Ассоциациясының вице-президенті Ерлан Шайхымбаев стартаптарға инвестиция тартудың бірегей платформасын ұсынды.

«Қазіргі уақыт - IT- стартаптардың Facebook, Google және т.б. компаниялар дәлелдеп бергендей санаулы жылдардың ішінде миллиардер компанияға айнала алатын жаңа технологиялар заманы. Стартаптарды дамыту үшін инвестиция тартудың ICO - Initial Coin Offering деп аталатын тәсілі бар. Біз стартаптарға инвестиция тарту үшін платформа құрдық, шағын және орта бизнесті цифрлауға болады. Халықаралық деңгейде даму үшін бізге озық жастардың қоғамын құру өте маңызды», - деді Е. Шайхымбаев.

Бұған қоса, автокөліктерді жалға алуға арналған QAZCAR.KZ мобильді қосымшасы ұсынылды. Жоба жетекшісі Нұрсұлтан Пірімбетовтың айтуынша, бұл қызмет жалпы көлік түріне немесе жеке автокөлікті ауыстыруға қосымша ретінде өте ыңғайлы.

«Тұтынушы мобильді қосымша арқылы автокөлікті жалға ала алады. Сонымен қоса, тұтынушы қосымшаны қолдана отырып, автомобильді аша алады, жабады және жалға алуды аяқтай алады. Автокөлікті жалға алу толық автоматтандырылған. Автомобильдерде әртүрлі параметрлерді үнемі қадағалайтын құрылғылар орнатылады: көліктің жағдайы, жанармайдың деңгейі, орталық құлып жағдайы және т.б. бұл құрылғы орталық құлыпты қашықтан ашуға және жабуға мүмкіндік береді, қажет болса қозғалтқышты өшіреді. Жалға алу аяқталғаннан кейін ақысы клиенттің картасынан автоматты түрде алынады», - деді Н.Пірімбетов.

«Atameken Business» телеарнасының бас продюсер орынбасары Ерболат Мұхамеджан қатысушыларды елдегі ең үздік стартегиялық жобалармен таныстырды.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар жас кәсіпкерді ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне де ерекше назар аударды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариевтің айтуынша, бүгінгі заманауи еңбек нарығына жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және кәсіпкерлік дағдылары бар қызметкерлер қажет.

«Жастар кәсіпкерлікпен айналысуға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, электрондық коммерция мен маркетинг дағдыларын дамытуы керек. Бұл жерде әрбір стартап жастар үшін дағдыларды игеру мен жетістікке жету үшін маңызды алаң», - деді А. Орсариев.

Дөңгелек үстел нәтижелерін қорытындылай келе, іс-шараның модераторы Нұрлан Өтешев жас инноваторлар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің диалогының маңыздылығын атап өтті.

«Жастар жылы - қалаларда да, ауылдарда да жастармен жұмыс жасайтын барлық жүйені қайта қарау мүмкіндігі. Бұл еліміздегі жастар саясатын іске асырудың бірыңғай стратегиясын қалыптастырудың бастамасы. Ең бастысы - жас стартаперлердің ұсыныстары мен жобалары тыңдалды. Бұл одан әрі даму үшін ынталандырады деп есептеймін », - деп атап өтті Н.Өтешев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысының жастар жылының ашылуында атаған міндеттері жүзеге асырыла бастады. Бұл үшін Астана әкімдігі «Астана жастары - 2019» жастар жылына арналған өңірлік жол картасын жасады. Ол жастармен жұмыс істеудің 11 негізгі бағытына арналған 101 жобадан тұрады. Бұдан басқа, «Астана жастары - 2019» өңірлік Жол картасы әзірленді.

Сонымен қатар, Қазақстанда жастарды қолдау үшін жастар стартаптарын қолдау жөніндегі арнайы қор құрылады. Сондай-ақ, жас қазақстандықтарды қолдау құралдары әзірленбек.

Соңғы жаңалықтар