Сәменов 81 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (153+180) келіні бағындырды.
Сондай-ақ, біздің спортшы жұлқа және серпе көтеруде де үздік шыққанын айта кету керек.
Бұл Нұрлыбек Сәменовтің ұлттық құрама сапында қатысып отырған алғашқы халықаралық жарысы.