Тұсаукесер кездесуінде америкалық Анна Затонскихты ұтқан ол келесі ойында франциялық Мари Себагпен тең түскен еді. Үшінші кезеңде ол бұрынғы әлем және Еуропа чемпионы, Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында үш дүркін жеңімпазы, ресейлік Александра Костенюкке есе жіберді. Ал бүгін Жансая грузиялық Бела Хотенашвилимен кездесті. Бұл бәсеке біздің қыздың пайдасына шешілді.
Қазіргі кезде Жансая Әбдімәлік 2,5 ұпаймен жарыс кестесінде төртінші орында тұр. Ол тек ресейлік Александра Костенюк (3,5 ұпай) пен Валентина Гунина (3 ұпай) және америкалық Ирина Круштан (3 ұпай) ғана қалып келеді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»