2019 жылдың 4 ақпанында жазасын өтеуші М.Бердиев колония аумағында бақылаусыз жүру мүмкіндігін пайдаланып, «Еңбек-Ақтау» РМК-дағы жұмыс орнынан қауіпсіздігі төмен мекемеге қайта оралмаған.
«10 ақпан кешкісін ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық гвардия және Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде М.Бердиев қаладағы шағын аудандардың бірінде ұсталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты ҚР ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол түзеу мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.