Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Қарағандыда облыстық фестивальдің жеңімпаздары анықталды

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты облыстық фестиваль өтіп, онда балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер жарыстырды.

Қарағандыда облыстық фестивальдің жеңімпаздары анықталды

Балалардың өнер байқауында бақ сынаған 45 оқушы «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» (халық билері байқауы), «Жүрек жылуы» (вокалистер байқауы) және «Ризамын халқыма» (қойылымдар байқауы) атты үш номинация бойынша шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

Халық биі аталымында Осакаров ауданының Литвин мектеп-интернатының «Арман» ансамблі үздік деп танылды. Вокалшылар сайысында «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Есения Исаева жеңіске жетті. Ал «Ризамын халқыма» аталымында «Сыған серенадасы» мюзиклін сахнаға сәтті шығарған «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері топ жарды.

«Ең жарқын жұлдыз» арнайы аталымында «Құлыншақ» балалар үйінің өнерлі тәрбиеленушісі Павел Чичулин қазылар алқасының назарына ілікті.

Аталған фестивальде үздік шыққан жеңімпаздар Алматы қаласында 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтетін республикалық кезеңде Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ