10 Ақпан, 2012

Ақжарлық ағайындар қалай үйлі болды?

378 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Ақжарлық ағайындар қалай үйлі болды?

Жұма, 10 ақпан 2012 8:11

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған оралман ағайындар туралы мақаланы оқып, оған қатысты айтылып жатқан түрлі пікірлерді естігенде есіме өзім куә болған бір оқиға түсті.

Осыдан бес жылдай уақыт бұрын Май ауданының шалғай­да жатқан Ақжар ауылына ба­руға тура келді. Қаңтар айының аязды күндерінің бірі еді. Бұл уақытта барлық деңгейдегі әкім­дердің есеп беріп жатқан кезі. Сол кездегі аудан әкімі Ернұр Айт­ке­новтің ауыл тұрғын­дары­мен кездесулерінен мақала жа­зып қай­тайық деп жолға шыққан едік.
Аудан орталығы Көктөбеге келген бетіміз сол еді, аудан әкімінің орынбасары Ержан Ра­қымжанов Курчатовтың қасын­да­ғы Ақжар ауылына баратын болдың, деп әзілдей күліп қар­сы алды. Пәлі, Курчатов қай­да, біз қайда, тым алыс қой, деп жатырмыз біз де. Сөйтіп, полигон сынақтарын көрген, жары­лыс­тың зардабын тартқан Семейге қарасты аты әйгілі қала­дан 3 шақырымдай ғана жерде орналасқан Ақжар ауылына келіп жеттік.

Жұма, 10 ақпан 2012 8:11

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған оралман ағайындар туралы мақаланы оқып, оған қатысты айтылып жатқан түрлі пікірлерді естігенде есіме өзім куә болған бір оқиға түсті.

Осыдан бес жылдай уақыт бұрын Май ауданының шалғай­да жатқан Ақжар ауылына ба­руға тура келді. Қаңтар айының аязды күндерінің бірі еді. Бұл уақытта барлық деңгейдегі әкім­дердің есеп беріп жатқан кезі. Сол кездегі аудан әкімі Ернұр Айт­ке­новтің ауыл тұрғын­дары­мен кездесулерінен мақала жа­зып қай­тайық деп жолға шыққан едік.
Аудан орталығы Көктөбеге келген бетіміз сол еді, аудан әкімінің орынбасары Ержан Ра­қымжанов Курчатовтың қасын­да­ғы Ақжар ауылына баратын болдың, деп әзілдей күліп қар­сы алды. Пәлі, Курчатов қай­да, біз қайда, тым алыс қой, деп жатырмыз біз де. Сөйтіп, полигон сынақтарын көрген, жары­лыс­тың зардабын тартқан Семейге қарасты аты әйгілі қала­дан 3 шақырымдай ғана жерде орналасқан Ақжар ауылына келіп жеттік.

Ауыл Май ауданының орта­лы­ғы Көктөбеден 180 шақы­рым­дай жерде, бұған қарағанда Курчатовыңыз жап-жа­қын, ауыл біздің облыстың аума­­ғында болғанымен, тұр­ғын­дардың жиі барып қаты­най­тын жерлері осы қала болса керек. Өйткені, аудан орталығы Көк­төбе олар үшін тым шал­ғай. Ауру-сырқаулар болса, аудан әкімдігі Курчатов жақпен келісіп, жақын жердегі ауру­ха­наға жіберіп жатады. Азық-түлік, киім-кешек, басқа да жағдайларын сол жаққа барып алып қайтады. Біздің ауылдарымыздың орна­ла­­суында Кеңес өкіметі тұсы­нан қалған осындай кереғар жағ­­дай­лар әлі де кездеседі. Кезінде Мәс­кеудің тікелей қам­қор­­лы­ғын­да болған бұл құпия қала тұрғындарының Ақжар ауы­лын өздеріне қосып алғы­лары келмегені белгілі. Сон­дық­тан қазақ ауылы сырттап, аудан орталы­ғы­нан тым жы­рақта қалып қойды. Жол жоқ, ойлы-қырлы, мың шұңқырлы жол­мен әзер дегенде өлдім-тал­дым деп жеттік-ау. Дәл осы кезде мүлікті заң­дастыру науқаны жүріп жатты. Әкіммен кездесу барысында ауыл тұрғындары­ның бірі Қай­лаш ақсақал біздің тұрған үй­ле­рімізді Айтмұханбет заңдасты­рып алса, біз далада қалып қоя­тын болдық қой, деді ашулана сөйлеп.
– Далада қалмайсыздар, Қо­жа­­бековпен сөйлесеміз, мәселе ше­шімін табады, – деп жауап бер­­ді аудан әкімі Ернұр Айткенов.
Жиылыстан соң, әлгі ақсақал бастаған ауылдықтармен жолық­тық. Сөйтсек, бұлар 92-жыл­да­ры елімізге Моңғолиядан көшіп келген оралман қандастары­мыз екен. Біз Қазақстан, қа­за­ғы­мыз тәуелсіздігін алды дегенді ести сала, елге қарай жүгіре жеткен ең алғашқы лектің көшбас­таушыла­ры­мыз, қарағым, елге рахмет. Біздерді жақсы қарсы алып, күтіп алды. Үйін жайлап, қорамызға мал берді. Енді қазір бала-ша­ға­ларымызбен үйсіз қала­мыз ба деп уайымдаймыз, деді оралман ағайындар бізге.
Сол жылы елге қоныс аудар­ған ағайындарды шалғайда жат­қан осы Ақжар ауылына жіберіпті. Солтүстіктің қақаған суығы ұратын далалы жер. Ел мен жер­дің шетіндегі ауылымызды сақ­тап қалу үшін оралмандар осын­да жіберілген сияқты…
Сөйтсек, мәселенің мәнісі бы­лай екен. Әлгі Айтмұханбет деп тұрғандары бізге аты бұрыннан таныс Қожабеков деген кәсіпкер жігіт болып шықты. Жекешелендіру кезінде осы Ақжар ауылын сатып алған көрінеді. Кеңсесі, клуб, тағы да басқа ғимараттар, орал­мандар тұрып жатқан тұр­ғын үйлер түгелдей осы жігіттің меншігі болып саналады. Оралмандар тұрып жатқан тұрғын үй­лер салынуы жағынан өте жақсы, ақ кірпіштен қаланған, үш бөл­ме­лі сол кездердің үлгісінде салын­ған. Өзгелер үдере көшіп кеткенде қаз-қатар салынған осы үй­лер­ге оралман ағайындар келіп қо­ныс­танған. Үй алдық, туған елге келдік деп көңіл аспанда. Енді мүлікті заңдастыр дегенде бұл үй­дің өз аттарына жазылғаны жө­нінде бір қағаз таппай әлекке тү­се­ді. Жекешеленген үйлер Қожа­бе­ковтің меншігі – соның атын­да. Оралмандардың далада қал­дық деп тұрғандары осы. Өздері ба­қан­дай 13 отбасы. Әр отба­сын­дағы бес-алты баласын қосқанда, кі­шігірім ауыл. Айтмұханбеттің мал өсіретін іргелі «Ақжар» өн­ді­ріс­тік шаруашылығы да осы жерде.
Ақжардан келген соң, «Егеменге» ашына мақала жаздым. Ақ­жарлық оралмандар далада қа­лып жүрмесін деп бір емес, қата­ры­нан үш-төрт мақала жаздық. Ақжарлық оралмандар туралы бұл сын мақалалар сол кезде га­зеттің әр нөміріне шықты. Редак­циядағы Сейфолла Шайынғазы аға­мыз да оралмандарға жан­ашыр­лық танытып: «Фарида, қайта-қайта жаза бердің ғой, қайтсең де бірдеңе шығар енді», деді хабарласып. Оралмандар үй­сіз қалмасын дегенін ұқтым.
Енді бір күні Қайлаш ақсақал бастаған адамдар мені қалаға іздеп келді (Осы жуырда марқұм болыпты ата­мыз). Шаршаған, шалдыққан адам­дардың түрлерін көріп аяп кеттім. Не істеу керек? Оларға жа­қында облыс әкімінің есепті кездесуі бо­лады, соған қатысып, айтыңыздар дедім. Ойбай-ау, оған бізді жібермейді ғой, шақырылғандар келеді деп айтты ауданнан бізге, дейді.
Арада бір апта өткенде жиы­лысқа қатысып сұрақтарын қой­ды. Мүлікті заңдастырудың уа­қы­ты бітуге шақ қалды. Не де болса, Айтмұханбет Қожа­бе­ков­пен кездесуге тура келді. Біз ойлағандай жігіт емес екен. Ойлы, салмақты, түсінігі бар кә­сіпкер жігіт болып шықты. Сіз өзі қайта-қайта жаза берді­ңіз ғой. Мен оларды қуып шыға алмаймын. Оған менің арым жібермейді. Оралман ағайын­дар­дың бала-шағасын далаға тастайды деймісіз? Тұра берсін сол үйлерде, деді бірден. Бірақ, нақты заңдастырып, сол кісілер­дің аттарына жаздыру керек болып тұр, дедім. Әңгіме осы болды.
Арада бір жеті өткен соң Айт­мұханбет қалтафоныма ха­бар­ласып, Фарида, мен бердім үйлерді, кеттік Ақжарға, деді күліп. Мен редакцияға, Сейфолла ағаға хабарластым. Сүйін­ші, үйлерді алдық, дедім еңбегіміз­дің қайтқанына қуанып. Ой, бәрекелді! Жаз енді! Келесі нө­мірге салып жіберейік, бекіністі алғандай болдың ғой, деді Сейфолла аға күліп әдеттегі са­быр­лы қалпымен. Сонау алыс­та­ғы Ақжар ауылындағы Қай­лаш ақсақалдың үйіне телефон шалдым. Ақсақал: «Ой, қара­ғым-ай, қарағым-ай», дей берді. Кемсеңдеп жылап тұрғандай болды. Осыдан кейін Айтмұ­хан­беттің оралмандарға үйле­рін заңдастырып, өз аттарына жазып беру құрметіне Май аудан­дық әкімдігі біраз дай­ындалды.
Тағы да Ақжарға жол түсті. Бұл жолы бізді Айтмұханбеттің өзі алып жүрді. Аудан әкімі Ернұр Айткенов бәріміз барып, оралмандарға үйлерін қайта­рып беру рәсіміне қатыстық. Жол да бұрынғыдай емес, түзе­ліп, жөнделіп қалыпты. Ақжар­ға алып баратын жартылай жол­ды Айтмұханбеттің жұ­мыс­шылары жөндепті. Ақжар ауы­лының шағын клуб үйінде орал­мандар тұрып жатқан үй­лер­ді олардың аттарына ресімдеу, мүліктерін заңдастырғаны жөнінде құжаттар қолдарына тапсырылды. Айтмұханбет олар­дан бір тиын да ақша алмай, үйлерді тегін берді. Оралмандар қуанышында шек жоқ. Ақсарбас деп мал сойып, ауы­лын шақырып той жасады.
Міне, бір жолсапардың сыры осындай болды. Қазір Айтмұханбет облыстық мәс­ли­хат­тың депутаты. Ауыл­дың өр­кендеуі үшін еңбек етіп жүрген азамат. Жуырда аудан орталы­ғы Көктөбеде ауыл­шаруашы­лық өнімдерін өң­дейтін бес бірдей цех ашып берді. Ауылдас­тарына жұмыс тауып берді. Ал, ақжарлық оралмандар болса, хабар­ла­сып тұрады.
Біз «Егеменге» жазылдық, жыл сайын жаздырып алатын бол­дық, ел газетіне рахмет, ел­дің жағдайын ойлаған сіздердің газеттеріңіз аман болсын, дейді оралман ағайындар.
Фарида БЫҚАЙ,
Павлодар облысы,
Май ауданы.