Үкімет • 11 Ақпан, 2019

Ә.Смайылов: Өткен жылы мемлекеттік бюджеттің 99,7%-ы игерілді

54 реткөрсетілді

ҚР Үкіметінің алаңындағы баспасөз-конференцияға ҚР Қаржы министрі Ә. Смайылов мемлекеттік бюджетті игеру 99,7%-ды құрағанын хабарлады.  

Оның мәлімдеуінше, жоспар бойынша - 11 793 млрд. теңге игерілу керек болса, іс жүзінде - 11 758 млрд. теңге игерілген.

«Жоспардағы 9,7 трлн. теңгенің 1,5 млрд. теңгесі игерілмеген, оның ішінде 17 млрд. теңге – бұл шұғыл және күтпеген шығыстарға арналған Үкімет резервінің қалдығы, 300 млн. теңге – үнемделген қаржы және 1,5 млрд. теңге – жеткізу шарттары талаптарының өзгеруі және жұмыс кестесінен қалыс қалу есебінен игерілмен қаражат» деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар министр бюджетті игере алмағандар тізіміне тоқталды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бойынша - 310 млн. теңге, Білім және ғылым министрлігі бойынша - 255 млн.теңге., Қорғаныс министрлігі бойынша – 214 млн. теңге игерілмеген.

«Жергілікті бюджеттер бойынша игеру 99,7%-ды құрады. Атқарылмағаны - 16,1 млрд. теңге. Төмендегі өңірлер жоспарланған сомманың басым бөлігін орындай алмаған: Маңғыстау – 7,2 млрд.теңге, Қарағанды - 2 млрд. теңге, ШҚО – 1,7 млрд. теңге» деді министр.

Әлихан Смайылов 2018 жылы бюджет шығыстары негізінен әлеуметтік салаға бағытталғанын атап өтті.

«Республикалық бюджетте әлеуметтік шығыстар үлесі 2017 жылы 34%-болса,өткен жылы бұл көрсеткіш 44,4% - ды құрады.

Шығыстардың басым бөлігі: халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын кредит беруді кеңейтуге бағытталған.

«Рухани жаңғыру», «Нұрлы Жер» және «Нұрлы жол», «Агробизнес – 2020» бағдарламалары шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге айтарлықтай қаражат бөлінді» деді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар