Аймақтар • 12 Ақпан, 2019

Өскеменде отандық өнімді қолдауға қатысты кездесу өтті

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы мен «Қазцинк» ЖШС-нің ұйымдастыруымен кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Өскеменде отандық өнімді қолдауға қатысты кездесу өтті

Кездесуде қазақстандық мазмұнды дамыту мәселелері талқыланды. «Қазақстандық мазмұнды ұлғайту бойынша «Қазцинк» компаниясы жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Жергілікті тауар өндірушілерді үнемі қолдап отырады. Сондықтан мұндай диалогтық алаң кәсіпкерлерге қажет деп ойлаймыз», - деді жиынды ашқан сөзінде облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Кездесуге келген «Қазцинк» ЖШС даму және коммерциялық сараптама қызметінің бастығы Татьяна Иванова диалогтық алаңға 10-ға жуық компанияны шақырғандарын айтады. «Мұндай кездесулерді біз жүйелі түрде өткізіп тұрамыз. Мәселен, Астанада өткен осындай жиыннан кейін Алматы вентилятор зауытымен ынтымақтастық орнаттық. Нәтижесінде шет елден тауар тасымай, жергілікті өндірушіден алатын болдық. Бүгінде біздің жалпы сатылымда отандық өндірістің тауарлары мен қызметтері 71 процентті құрайды», - дейді ол.

 Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН