Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Көлік ұрлығы бойынша алдыңғы қатардағы қалалар анықталды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары Бас прокуратураның өткен жылғы санды мәліметтеріне сүйене отырып,  көлік ұрлығына байланысты криминалдық рейтинг жасады.    

Көлік ұрлығы бойынша алдыңғы қатардағы қалалар анықталды

Көш басында Алматы қаласы тұр. Әрине, тал түсте көлік айнасы ұрланып жатқан шаһардың бірінші орынды иеленуі заңдылық.  Бөтеннің көлігін қолды қылуға қатысты 255 оқиға (немесе 10 мың адамға 13.8) осы оңтүстік астанада тіркелген. Дегенмен, 2017 жылдағы деректермен салыстырғанда бұл бірнеше пайызға төмен көрсеткіш. Екінші орында тұрған Қарағандыда 2018 жылы 108 көлік ұрлығы болған. Ал, үштікті үшінші мегаполис қортындылап отыр. Құтпан жылы қалада  51 көлік ұрлығы орын алған.

Аталған сақтандыру компаниясы авто ұрлықтан ада өңірлер рейтингін де анықтаған. Оған Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары енген. Ал, жалпы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген деректерге сай елімізде 2018 жылы 748 автокөлік ұрланған. Қылмыскерлердің көбісі сапалы  жапондық көліктерді қолды етіп, шекара асырып не қара базарда бөлшектеп сатып отырған.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»

Шымкент