Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Астана әкімінің орынбасары Асқар Амрин халыққа есеп беру кездесуін өткізді

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Нұр Отан» партиясы ғимаратында қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин халыққа есеп беру кездесуін өткізді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Астана әкімінің орынбасары Асқар Амрин халыққа есеп беру кездесуін өткізді

Тұрғындарға есеп беру кездесуі сағат 15:00-де басталып, жеке қабылдау форматында өтті. Елорда тұрғындары жер учаскелерін беру, коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер беру, мемлекеттік органдармен Мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысты өз сұрақтарын қойды.  

Іс-шараға келген әр тұрғын жеке-жеке қабылданып, өзінің мәселесі бойынша тиісті жауап пен түсіндірме ала алды. Мәселенің көпшілігі сол жерде шешімін тауып жатты. Барлық өтініш-арыздарға байланысты тиісті органдар жұмыстар жүргізетін болады.   

Кездесуге екі жүзден астам адам қатысты, олардың барлығы өзін алаңдатқан сұрақтары бойынша және тұрғын үй, жер телімдері бойынша кеңес ала алды. Еске сала кетейік, ертең қала тұрғындарымен елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова кездеседі. Ол инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, қызметтерді цифрландыруға қатысты сұрақтарға жауап береді.