Президент «елде жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеуге және іс жүзінде гендерлік тең құқықты және әйелдерге ерлермен қатар тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге» шақырды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан гендерлік саясат мәселелеріне қатысты бірқатар негіз қалаушы халықаралық шарттарға қосылды және ратификациялады. БҰҰ-ның гендерлік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінде Қазақстан әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы конвенцияның орындалуы бойынша өзінің Біріккен мерзімдік баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар 2018 жылы Астана қаласында «Біз әлемді өзгертеміз» ұранымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының IV кезекті съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірлерінен 1500-ден астам делегат қатысты. Съезд жаңа креативті идеялармен «Jas Otan conf» конференциясы форматында ұйымдастырылды. Оған қатысушылар ғылым, білім, инновация, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру, сондай-ақ Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға байланысты ең өзекті мәселелерді қарастырды.
Гендерлік теңдік мәселелері, әсіресе оны жастар арасында кеңінен насихаттау қазіргі уақытта, әсіресе биылғы Жастар жылында өте өзекті және маңызды. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған мақаласында атап өткендей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ең алдымен Қазақстан жастарына қатысты. Бүгінгі жастарымыз тәуелсіз республика жағдайында туып-өсті. Сондықтан олардың елдің өмірі мен дамуына деген көзқарастары өзгеше болатыны сөзсіз.
Гендерлік саясат көзқарастарын қалыптастыруда білім беру және тәрбиелеу жүйесі жетекші құрал ретінде болуы тиіс. Сондай-ақ жастардың саяси көзқарастары мен наным-сенімдеріне отбасы, достық қарым-қатынастар мен бұқаралық ақпарат құралдары үлкен әсер етеді.
Жаңғырту жағдайында жас ұрпаққа қоғамда төзімділік, сын тұрғысынан ойлау, тәуелсіздік сияқты қасиеттер қажет. Бұдан басқа, қазіргі барлық гендерлік қатынастар, біздің ойымызша, ең алдымен, ұлттық-мәдени аспектілері бар қандай да бір қоғамдағы гендерлік стереотиптерге негізделеді. Гендерлік стереотиптердің негізгі құрамдас бөлігі біздің қоғамдағы мәдениет және жоғары руханилықты бекіту мәселелері болып табылады.
Қазақ ұлттық өнер университеті тек Қазақстан ауқымында ғана емес, сонымен қатар адам жынысының әлеуметтік және мәдени түсінігін ескере отырып, іске асырылатын жастардың әлеуметтік ұстанымдарына қатысты әлеуметтік-мәдени стандарттар негізінде құрылатын жастардың өзара іс-қимылының барлық Еуразиялық білім беру кеңістігінің бірегей үлгісі болып табылады.
Қазіргі уақытта университетте классикалық музыка және халық шығармашылығы, режиссура, кино және дизайн факультеттері құрылды. Студенттерді даярлау «арт-менеджмент» және «кино және ТД операторы» сияқты 20 мамандық бойынша жүргізіледі. Университетте жүйелі түрде бір жолғы семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, онда нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланады, өйткені өкінішке қарай, бұл мәселе жастар арасында да өткір тұр.
Қазақ ұлттық өнер университеті Астана қаласында, сондай-ақ одан тыс жерлерде өткен барлық іс-шараларға тікелей қатысушысы болды. Университет уақыт талабына жауап бере отырып, мәдениет пен өнердің жоғары білім беру саласындағы көшбасшылық ұстанымдарын ұстанады. Бүгінде Қазақстан Президенті қойған маңызды міндеттерді жүзеге асыра отырып, біздің жоғары оқу орны халықтың бірегей рухани тәжірибесін және жоғары білім берудің әлемдік дәстүрлерін тиімді пайдаланады.
2017-2018 оқу жылы Өнер университеті үшін білім, ғылым және шығармашылық саласында жоғары жетістіктермен атап өтілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шетелдік оқытушыларды тарту бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кеңес беруде университет әлемнің әртүрлі университеттерінен жетекші ғалымдарды шақырды. Жоғары ғылыми әлеуетті біздің университеттің білім алушылары көрсетеді. Ғылыми-зерттеулер аясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 39 магистранты әлемнің 11 жетекші университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Бүгінгі таңда білім беру саласында 70-ке жуық келісімшарт жасалды.
Біздің түлектеріміздің арасында Рахат Би Абдысагин, Димаш Құдайберген, Мақсат Жүсіпов, Азат Мәлік секілді мақтан тұтар, әлемге әйгілі халықаралық конкурстардың лауреаттары бар.
Қазақ ұлттық университетінің тағы бір үлкен жетістігі халықаралық байқауларды өткізуі болып табылады. Жыл сайын жас орындаушылар қатысатын дәстүрлі скрипкашылар байқауын, «Шабыт» және «Астана Мерей» халықаралық өнер фестивалін атауға болады.
Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнерінің даму тарихына енетін ең ірі оқиғалардың бірі П.И.Чайковский атындағы Х халықаралық жасөспірімдер байқауын өткізу болды. Комиссияның оны бізде өткізу жөніндегі шешімі – бұл тек бізге деген үлкен сенім ғана емес, сонымен қатар біздің ЖОО-ның халықаралық деңгейде мойындалуы екені даусыз.
Қазақстан әлемдік мәдени кеңістікке қарай жылдам жылжуда, оның дәлелі өнер және мәдениет қызметкерлерінің, соның ішінде Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен оқытушыларының жетістіктері болып табылады. Бұл істегі маңызды резерв – болашақ мәдениет пен өнер шеберлері даярланатын мектеп пен колледж. Бұл біздің білім беру мен тәрбиелеудің ең өзекті және уақтылы міндеті болып табылатын үш тілді білім беруді іске асыру кезінде мүмкін болады. Жоғары оқу орнында басым болып табылатын мемлекеттік тілді сақтай отырып және шет тілдерін сапалы оқытуға баса назар аудара отырып, мамандардың тілдік дайындығы күшейтілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы өнер және білім қызметкерлері үшін де өзіндік бағдарлама болып табылады. Оның мақсаты Қазақстанның мәдениетін әлемдік аренада таныту және республиканың жоғары мәдени азаматын қалыптастыру болып табылатын өзінің дамуының аса маңызды, бірінші кезектегі мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің шындығы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жаңа бастамаларды талап етеді. Жоғары оқу орны мен ғылыми орта біздің мәдениетіміздің, жеке ұлттық кодымыздың сақталуына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар да басталды. Ғылыми жоба аясында киелі қобыз өнері зерттеледі. Магистрлік және докторлық диссертациялардың тақырыбы қазақ халқының рухани қасиетті жерлерін қамтиды. Сонымен қатар университет рухани жаңғырудың базистік элементі ретінде латын тіліне көшуді қолдайды. Өнертану ғылымы ұлттық код туралы түсінікті кеңейте отырып, халықтың мәдени белгілері мен құндылықтарының түгелдігін тексеруі тиіс. Өнер және мәдениет саласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың стратегиялық бағыттарын белгілеу қажет. Тарихымызда тағы да «ақтаңдақтар» бар екені құпия емес, өткен шеберлердің шығармашылығы зерттелмеген, әлі де ұмытылған атаулар қаншама… Осы тұрғыдан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жастарға жаңа ізденіс жолын көрсетті.
Университетте жастар үшін гендерлік саясат бойынша бірқатар іс-шаралар мен тәрбие сағаттары жүргізіледі. Оқу үдерісі барысында университет қабырғасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жастар форумын өткізу дәстүрге айналды. Бұл тренинг форматындағы үлкен іс-шара, ерлер мен әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынас бойынша шеберлік сыныбы есебінде жүргізіледі. Мысалы, біздің университетте жастар арасында белсенді қызметті әйелдер тобының 55%-ға жуық өкілдері құрайды.
Гендерлік даму саясаты бойынша міндеттердің бірі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты төмендету бойынша жұмыс болып табылады. Студенттер үйінде қыздар үшін бірнеше рет әйелдер құқығы және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингтер ұйымдастырылды, себебі олар көбінесе өздері ғана өз мәртебесіне байланысты құқық бұзушылық объектісіне айналады, бұл адам құқықтарының бұзылуы болып табылады.
Айта кету керек, университет жыл сайын өзіне өзі қол жұмсауды болдырмау бойынша тренингтер, психологиялық тренингтер ұйымдастырып, қиын түйіндерді шешу жолдарын ұсынады. Мұндай жағдайларда университетте сенім телефоны қарастырылған, онда кез келген студент немесе оқытушы өз проблемасымен жүгіне алады және шешу жолын таба алады.
Университеттің студенттік кеңесінің «Shabyt» модельдер театры» клубының ашылуы маңызды мысал болып табылады, мұнда басты мақсат қазіргі қазақ қоғамының жағымды бейнесінде қыздар мен жігіттерді тәрбиелеу болып табылады.
Осылайша жүргізіліп жатқан ұлттық гендерлік саясатта жастардың рөлі орасан зор, өйткені жастар еліміздің болашағы негізделетін іргетас болып табылады. Менің ойымша, неғұрлым прогрессивті жастар гендерлік саясаты бар басқа дамыған елдерде әзірленген модельдерді алу керек. Әрине сол қалпында қабылдау болмауы тиіс, Қазақстанның өңірлік ерекшеліктерін, қазақстандық жастардың менталитетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, тарихи аспектілерін, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін және оның әлеуметтенуінің ерекшелігін ескеру қажет.
Айман МҰСАҚОЖАЕВА,
Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ ұлттық өнер университетінің
ректоры