Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қазақстандық компания тұңғыш рет EQUAL SALARY сертификатын алды

537 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС EQUAL-SALARY халықаралық сертификациясынан өткені туралы қуана хабарлайды. ФМҚ ер мен әйел адамдарға қатысты еңбекке ақы төлеуде бірдей қағидаларды қолданатыны, сондай-ақ, жынысына қарамай, қызметкерлердің еңбегі бірдей бағаланатыны туралы растауды алған Қазақстанның тұңғыш компаниясы болып табылады. EQUAL-SALARY сертификаты швейцариялық коммерциялық емес ұйым болып табылатын EQUAL-SALARY (ESF) қоры және бұл сертификация процесінде эксклюзивті серіктес қызметін атқаратын PwC халықаралық аудиторлық компания тарапынан беріледі.

Қазақстандық компания тұңғыш рет EQUAL SALARY сертификатын алды

Сертификация процесі PwC компаниясы өкілдерінің еңбекақы туралы деректерді жинау мен оларға талдау жүргізуден және қызметкерлер құрамын басқару бөлімдерінің ережелері мен тәжірибелерін зерттеуді, еңбекке ақы төлеуде гендерлік теңдікті ұстануды тексеру мақсатында компания басшылығымен әңгімелесуді, онлайн-сауалнаманы, сондай-ақ, ФМҚ-ның кездейсоқ таңдалған жұмыскерлері арасында қысқа жеке және топтық сұхбаттарды қамтитын көшпелі сыртқы аудитінен тұрады. Еңбекке әділ ақы төлеу тәжірибелерін тексерудің барлық осы кезеңдерінен өткен соң ғана, ФМҚ «EQUAL-SALARY» сертификатын ала алды.

«Адамдар – компанияның басты құндылығы болып табылады. Барлық ішкі саясаттар мен бағдарламалар адам құқықтарын сақтау қағидаларына және компания жұмыскерлерінің еңбек құқықтарына толық жауап беру үшін, ішкі процестерімізді жақсартуды жалғастырамыз», – дейді ФМҚ қызметкерлерді басқару директоры Алтынай Тезекова.

Сондай-ақ, 2019 жылдың басында ФМҚ қатарынан төртінші рет Үздік жұмыс берушілері институтының (Top Employer Institute – бұл қызметкерлер құрамын басқару саласында жоғары әлемдік стандарттарға сәйкестігін бағалайтын халықаралық сертификациялық ұйым) халықаралық марапатына ие болып, Top Employer Institute ұйымының бағалауы бойынша Қазақстанның 2019 жылғы үздік жұмыс берушілерінің бірі ретінде танылды.  ФМҚ өз кадрларын дамытуға үшін қор бөлуді жалғастырып және 1993 жылдан бастап өз қызметкерлерін кәсіби дамытуға 16 миллионнан астам АҚШ долларын бөлген болатын.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ