Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толмақ. Осыған орай Семейдегі Абай атындағы кітапханада «Уақыт Сізді таңдады...» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

- Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады,-деді Абай атындағы кітапхананың дамыту бөлімінің әдіскері Светлана Саягуб.
Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Боранбай Бегатов, Совет Айтбаев, Виктор Казаков, Еділ Өміртаевтар қатысты. Шара ең алдымен 71 жасында дүниеден өткен, СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, «қара майор» лақап атымен әйгілі болған Борис Керімбаевты және ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Кеш шымылдығын жастар мен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің ерекше үлгісін көрсетіп жүрген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерлерінің бір буынын тәрбиелеген әскери офицер Александр Мартынов ашты.
- Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. Әрбір жауынгер-интернационалистің әңгімесі мен дембель альбомынан алынған фотосуреттері көрсетілген бейнероликтер қатысушыларымызға игі әсер етті,-деді Абай атындағы кітапхананың дамыту бөлімінің әдіскері Светлана Саягуб,- іс-шарамызға қатысушы Геологиялық барлау колледжі, «Қайнар» колледжі мен «Радиотехника және байланыс» колледждерінің студенттері деректі очерктермен де танысты. Фотоальбомдарды парақтап көріп, ауған соғысы жауынгерлері туралы мерзімді басылымдардан ұсынылған жазбаларды оқып көрді. Ауған жолдарымен өткен жерлес жас сарбаздардың ерліктері туралы баяндайтын «Ауған соғысы тарихының беттері» атты кітап көрмесі де жастарға ерекше әсер етті.
Кездесу барысында Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілері, Татар өнер мектебінің, «Казаки Прииртышья» халық хорының орындауларында бейбітшілік, достық туралы патриоттық әндер шырқалды.
Көрмені Семей қаласының әскери Даңқ мұражайы ұсынған жауынгер-интернационалистердің жеке құжаттарынан, заттарынан арнайы әкелінген экспозиция толықтырды.
-Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер,-дейді Светлана Саягуб,- оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасына айналды. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
«Егемен ҚАЗАҚСТАН»
СЕМЕЙ
Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек - Президент
Бизнес • Бүгін, 18:11
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Бүгін, 18:07
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Павлодар облысының тұрғыны полицияға 138 патрон тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Жылжымалы медициналық кешендерде 1,8 млн тұрғын екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 17:38
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Ұқсас жаңалықтар