Әлем • 14 Ақпан, 2019

А380 ұшағын шығару тоқтатылады

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Airbus компаниясы 2021 жылдан бастап әлемдегі ең алып авиалайнер А380-ді шығаруды тоқтатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

А380 ұшағын шығару тоқтатылады

Мұндай шешімге келуге Біріккен араб әмірліктерінің тапсырыс көлемін азайтуы себеп болған. Баспасөз хабарламасына сүйенсек, БАӘ 123 ұшақ ғана тапсырыс берген екен. 

«Осы мәселеге және басқа компаниялардың тапсырыс бермеуіне байланысты Airbus 2021 жылдан бастап А380 ұшағын шығаруды тоқтатады» делінген компанияның мәлімдемесінде. 

Airbus компаниясының бас директоры Том Эндерс кейінгі жылдардағы жағдайды бағамдай отырып мұндай шешімге келгенін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, тапсырыстың аздығы 2018 өндіріс көлеміне де әсер еткен екен.

«Бүгінгі мәлімдеме біз үшін де, әлемдегі А380 қауымдастығы үшін де ауыр тиеді. Алайда А380 ұшақтары әлі талай жыл көкте қалықтайтынын ұмытпаңыздар. Әрине, Airbus оларға қызмет көрсетуін жалғастыра береді», деді Том Эндерс. 

Таяу арада компания өзінің әріптестерімен қызметкерлердің санын қысқарту мәселелері туралы талқыламақ.