Аймақтар • 14 Ақпан, 2019

«Алтын Орданың» 10 жолақты жолы қашан ашылады?

305 реткөрсетілді

Алматы қаласына оңтүстік бағыттан енетін жалғыз қақпа сияқты жолдағы автокөлік кептелісі ұзақ жылдан бері жыр болып келген еді. Бүгінде Алматы облысының Қарасай ауданы аумағына орналасқан «Алтын Орда» әмбебап базарының тасжолы күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Күре жолдағы құрылыс жұмысы 2017 жылы басталды. Меже бойынша 2020 жылы аяқталып, толықтай іске қосылуы тиіс болатын. Қуаныштысы, «Алтын Орданың» жолын жөндеу биыл аяқталатын болды. Бұл туралы Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапарында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

- Автокөлік жолының облыс аумағынан өтетін ұзындығы 4 шақырымға жуық. Жолды қайта салу үшін 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Трасса екі бағыттан 5 көлік қатар жүруге арналған. Мұнан бөлек, жол бойында 4 тұстан жерасты өткелі жасалып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне көңіл бөлдік. Тұрғындардың өтінішіне де құлақ астық. Қажеттіліке орай алынған жер телімдері мен сүрілген ғимараттарға қатысты дау жоқ. «Асыл Арман» кешені  тұрғындарының талабы бойынша жолайырық та жасалып жатыр. Жол құрылысын мерзімнен бұрын, осы жылдың соңына дейін аяқтап, іске қосамыз, - деді аймақ басшысы.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар