«2020 жылы ОЖСБ өткізу процедурасын тоқтатуды жоспарлап отырмыз. Жоғарғы оқу орындарына академиялық еркіндік берілгендіктен, ОЖСБ өткізудің қажеті жоқ деп есептейміз. Биыл бас тартқымыз-ақ келді, бірақ ол үшін заңнамалық нормалар қабылдануы керек», - деді Е. Сағадиев.
Министрдің айтуынша, биылғы қарашада информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі және философиядан соңғы ОЖСБ өткізіледі.
Сонымен бірге, министр биыл педагогикалық мамандық түлектерінің ұлттық біліктілік тестілеуінен өтетінін жеткізді.
«Бұл модератор санатын иеленіп, жоғары жалақы алғысы келетін түлектерге қатысты. Диплом алуға еш әсерін тигізбейді, бірақ болашақта барлық педагогикалық мамандық түлектеріне ұлттық біліктілік тестілеуінен өту міндеттеледі. Мұны міндеттеуден бұрын кең ауқымда талқылау жүргіземіз», - деді ол.