Суретті түсірген Темірболат Тоқмәмбетов
Ринат Шәуенов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «менеджер-экономист» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Тасқала ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысы болып қызмет атқарған. 2016 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары болды.
Ал Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жаңа басшысы Мұрат Өмірәлиев Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих», «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, меңгерушісі. Орал қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2015 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымында болды.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Батыс Қазақстан