Спорт • 15 Ақпан, 2019

Жансая сегізінші турда да тең ойнады

176 реткөрсетілді

Бұл күндері АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан шахматтан әйелдер арасындағы Cairnc Cup турнирінің сегізінші турында Жансая Әбдімәлік ресейлік Валентина Гунинамен кездесті.

30 жастағы Мурманскінің тумасы Ресей мен Еуропа чемпионаттарында үш реттен топ жарған. Блицтен әлем және құрлық чемпионы. Дүниежүзілік Олимпиадада үш мәрте жеңімпаз атанды. 2017 жылы Ханты-Мансийскіде өткен командалық әлем чемпионатында Ресей құрамасы сапында өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынды. Міне, осындай азулы қарсыласпен 19 жастағы қазақ қызы тең ойнады. 

Қазіргі кезде Жансая Әбдімәлік 3,5 ұпаймен жарыс кестесінде алтыншы орынды еншілеуде. Көш басында – Валентина Гунина. Ол 6,5 ұпайды иеленуде. Ресейдің тағы бір жұлдызы Александра Костенюк екінші орында келеді. Оның қоржынында 6 ұпай бар. Сондай-ақ, үздік бестікті үндістандық Харика Дроновалли мен америкалық Ирина Круш (4,5 ұпай) және грузиялық Нана Дзагнидзе (4 ұпай) сынды ойыншылар қортындылап тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер кездесуінде америкалық Анна Затонскихты ұтқан қазақ қызы келесі ойында франциялық Мари Себагпен тең түсті. Үшінші кезеңде ол ресейлік Александра Костенюкке есе жіберсе, төртінші турда грузиялық Бела Хотенашвилиден басым түсті. Бесінші және алтыншы айналымдарда АҚШ пен Үндістанның өкілдері – Ирина Круш пен Харика Дроноваллиден жеңілді. Ал жетінші турда грузиялық Нана Дзагнидземен ұпай бөліскен болатын.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар