26 Сәуір, 2012

Дәрігерлердің өзін оқытатын оқу орны

433 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Дәрігерлердің өзін оқытатын оқу орны

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 6:43

Негізін осыдан жарты ғасыр бұрын салған Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты – медицинаның әр түрлі саласындағы дә­рі­­­­герлерге дипломнан кейінгі оқыту қызметін көр­сететін, тиімді бірлескен менеджмент жүйесі бар, алдыңғы қатарлы әдістер мен технологиялардың тиімділігін қамта­масыз ететін, бәсекеге қа­білетті мамандар даярлайтын, денсаулық сақтау саласының кадрлар ресурсын үздіксіз кәсіби дамытуды қамтамасыз ететін бірден бір мекеме. Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасында» Денсаулық сақ­тау министрлігінің,

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 6:43

Негізін осыдан жарты ғасыр бұрын салған Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты – медицинаның әр түрлі саласындағы дә­рі­­­­герлерге дипломнан кейінгі оқыту қызметін көр­сететін, тиімді бірлескен менеджмент жүйесі бар, алдыңғы қатарлы әдістер мен технологиялардың тиімділігін қамта­масыз ететін, бәсекеге қа­білетті мамандар даярлайтын, денсаулық сақтау саласының кадрлар ресурсын үздіксіз кәсіби дамытуды қамтамасыз ететін бірден бір мекеме. Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасында» Денсаулық сақ­тау министрлігінің, Алматы мемле­кеттік дәрі­гер­лер білімін жетілдіру институты мен Инновациялық оқыту консорциу­мы­ның ұйымдастыруымен, мемлекеттік емес ұйымдардың және медициналық кәсіби қауымдастықтардың қолдауымен «Денсаулық баршаға: алдын алу, емдеу, оңалту» атты халықаралық конгресс өтеді. Міне, осы ауқымды да алқалы жиын қарсаңында Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетіл­діру институтының ректоры, медицина ғылым­дарының докторы, профессор Валихан АХМЕТОВКЕ жолығып, өткізілетін аталмыш іс-шара, сондай-ақ инсти­тут­тың бүгінгі-тыныс тіршілігі жайында әңгімелесудің сәті түскен еді…

– Валихан Исаұлы, әуелі әңгіме ауанын Алматыда 26-28 сәуір аралығында өтетін халықаралық дәрежедегі үлкен жиынның мақсатына, ондағы көтері­ле­тін мәселелерге бұрсаңыз…

– Әрине, Денсаулық сақтау министр­лі­гінің қолдауымен өткелі отырған кон­грес­тің басты мақсатының өзі дәрігерлердің ха­лық­аралық деңгейде тәжірибе алмасуына, әлем медицинасының озық техникасы мен технологиясын бағамдап, біздің ма­манда­рымыз­дың үйренуіне қолдау көрсету. Өйткені, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мен ҚР-ның денсаулық сақтау саласын да­мытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемле­кет­тiк бағдарла­ма­сының мақсаттарына жету – білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы мамандарды даярлау деңгейіне тікелей байланыс­ты. Сондықтан да конгресс жұмысы ден­сау­лық сақтау саласы мамандарының кадр­лық ресурстарын дамыту, әлеуметтік бағ­дар­лы алғашқы меди­циналық-санитарлық кө­мек­тің дамуына не­гізделген тиімді денсау­лық сақтау жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу­ге бағытталып отыр.

– Қатысушылардың саны қанша? Қай мемлекеттерден қонақтар келеді деп күтілуде?

– Қоғамдық денсаулық сақтау саласы және клиникалық медицина мәселелерін талқылауға еліміздің барлық өңірлерінен 1000-нан астам жетекші мамандар, практи­калық дәрігерлер, денсаулық сақтау сала­сы­ның ұйымдастырушылары, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер қатысады. Аталмыш шараға алыс-жақын шетелдерден 17 мемлекет өкілдері қатысатыны бел­гілі болып отыр. Конгресс шеңберінде алыс шетелдерден (АҚШ, Италия, Франция, Швеция, Израиль, Германия, Жапония, Чехия, Польша, Литва, Латвия және т.б.) және ТМД елдерінен (Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б.) келген белгілі ғалымдардың баяндамалары мен дәрістері жоспарлануда. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басты бағыттары бойынша мамандарды оқыту туралы 11 тақырыптық, салалық шеберлік клас­тары, сонымен қатар симпозиумдар өтеді. Сөйтіп, конгресс практикалық ден­сау­лық сақтау саласына озық технологиялар мен қазіргі заманғы білім беру транс­ферті үшін қолайлы алаңға айналмақ.

 – Тәуелсіздіктің арқасында қазір шетелмен әріптестік байланыс жасауға жол ашылып, әлемдік медицинадағы болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде біліп, хабардар болудамыз. Ендеше, бүгінгідей медицинаның жыл санап емес, күн санап дамып отырған уақытында институт­тың материалдық-техникалық жабдық­та­ры, клиникалық базалары соған сай ма? Тәжірибе алмасу жағы қалай шешілген?

– Институт кафедраларының клиника­лық базалары – заманауи деңгейде диагнос­тикалық, емдеу қағидаларын игеруге мүм­кіндік беретін және заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған 33 жетекші клиникалық ауруханалар, ғылыми және емдеу-диагностикалық орталықтар болып табылады. Ал тәжірибе алмасу тұрақты түрде жүргізіледі. Біздің аларымыз да, өзге елден келген мамандарға береріміз де бар. Мәселен, тәжірибе алмасу мақсатында бізге Ресейден, Украинадан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан, Белорусиядан әріптестеріміз келіп тұрады. Тіпті, Еуропа мамандары да өздері өндірген аппараттардың кейбір қо­сымша қолдану тәсілдерін бізден үйренетін кездері болады. Мәселен, рентген аппаратымен күйдіріп, тамырдың жағдайын жақ­сарту бізде қалыптасқан қосалқы тәсілдер­дің бірі. Неміс дәрігерлері осы тәсілді арнайы біздің институтқа келіп меңгерді.

Біздің оқытушы-дәрігерлеріміз дамыған елдерге барып, білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасады. Өткен жылы осы мақсатта 50 оқытушы шетелге іс-сапармен барып қайтты. Сондай-ақ, институт қабырғасында кафедрааралық тәжірибе алмасулар өтіп тұрады. Дәстүрлі шара барысында тиімді деген тәсілдер сарапқа салынып, оқу-үйрету сабақтары да жүзеге асырылады. Егер де шетелден маман шақыру мен «шеберлік сабағын» ұйымдастыру мәселесі бір жүйеге қойылып, арнайы бұл шаруа қолға алынса, шетелге барып тәжірибе алмасушылар қатары азаяды деп білемін.

Институттың Астанадағы бөлімшесі Ұлт­тық холдинг негізінде медицина меке­ме­лерімен тығыз қарым-қатынаста екенін айта кету жөн. Холдинг құрамындағы ме­ди­циналық мекемелердің дүниежүзілік дең­­­гейдегі техника мен әдіс-тәсілдердің жалпы ел игілігіне айналуы – Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының өзінің де, Аста­на­дағы бөлімшесінің де ұдайы назарында.

– Бүгінде дәрігерлердің білімін жетіл­діріп, біліктілігін арттыратын оқу мер­зімі қанша уақытқа белгіленген?

– Бұрын ақ халатты абзал жандар Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілді­ру институтына 5 жылда бір келіп, даярлау курстарынан өтетін. Дәрігерлер біліктілігін арттыру мәселесі сонымен бітіп, келесі 5 жылға дейін, мамандардың білім деңгейі сарапқа салынбайтын. Қазір ол «дәурен» өтті. Бүгінгі заман талабы медицина қыз­мет­керлеріне өте үлкен жауапкершілік әке­ліп отыр. Күнделікті өмірімізде ғылым мен техника дамыған тұста медицина саласын одан әрі жетілдіруде жаңа мүмкіндіктер тууда. Сондықтан біздің дәрігерлер ол жаңа­лықтан қалмай, еліміздің денсаулық саласын жақсарту мақсатында үздіксіз білім алуы міндетті. Жаңа жүйе бойынша, қазіргі таңда дәрігерлер 5 жылда бір рет міндетті түрде емтихан тапсырып, сол аралықта өз қызметін жалғастыра жүріп «бірлік», «негізгі бірлік», «қосымша бірлік» алуға міндеттелді. Ашып айтар болсақ, «Негізгі бірлікке» біліктілігін арттыру мақсатында курстарда білім алу қажет болса, «Қосым­ша бірлікке» өз саласына қатысты симпозиум немесе конференция сынды жиындарға атсалысып, баяндама жасау мен бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау шарт. Осы аталмыш шаралар жүзеге асы­рыл­ғанда ғана «бірлік» есептеледі.

– Оқыту қызметіне тоқталсаңыз…

– Институтта 3 факультет бар. Олар – хирургиялық, терапиялық пәндер, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау факультеті. Оқу үрдісін 32 кафедра мен 22 курс қам­та­­масыз етеді. Қазір интеграцияланған жүйе бойынша оқытамыз. Бұл – дәрігер тек өзі маман­данған сала бойынша білімін жетіл­ді­ріп қана қоймай, медицинаның басқа да салаларынан мағлұмат алады деген сөз. Айталық, бұрын терапевт-дәрігер тек терапия бойынша қайта даярлықтан өтсе, жаңа бағдарлама бойынша тыңдаушы осындағы барлық мамандық бойынша дәріске қатысады.

– Валихан Исаұлы, институт шаруа­шы­лық жүргізу құқындағы республи­калық мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Дәрігерлердің өзін оқытатын ға­лымдардың еңбекақыларын төлеу қа­лай шешілген? «Ынталандыру коэфи­циен­ті» қосылды деп естідік…

– Біздің шаруашылық жүргізу құқығы­мыз қызметкерлердің еңбегіне қарай ақы төлеу саясатын жүзеге асыру үшін қара­ла­тын шара. Баршаға белгілі, бұрындары ең­бекақы мемлекеттік мекеме атаулыда лауызымы бірдей қызметкерлерге артық-кемсіз бір көлемде төленетін. Мәселен, бірінші санатты 10 терепевт-дәрігер 40 мың теңге көлемінде бірдей жалақы алатын. «Шаруа­шы­лық жүргізу құқындағы мекеме» мәрте­бе­сінің арқасында мұндай әсіре теңгер­ме­ші­ліктен үзілді-кесілді бас тарттық.

Денсаулық сақтау министрлігі дә­рі­гер­лердің біліктілігін жетілдіру мақсатында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, бүгінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету саласындағы қызметкерлерге «Ынталандыру коэфициенті» қосылып, еңбекақылары біршама көтерілді. Осы қаражат есебінен дәрігерлер ендігі жерде білімдерін толық­қанды нығайту мүмкіндігіне ие болды.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.