Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

221 реткөрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев Азия парламенттік ассамблеясы Әлеуметтік және мәдениет істері жөніндегі тұрақты комитетінің Бангкокте өткен отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Азия өңіріндегі әлеуметтік және мәдени даму мәселелері күн тәртібінің басты тақырыбы болды. Комитет жұмысының аясында жастарды қолдау, дінаралық үнқатысу, қартаюға қатысты, мәдени мұра, тұрғындардың денсаулығын сақтау және басқа да мәселелер қаралды.

Азия парламенттік ассамблеясы 2006 жылы Тегеранда Азия парламентшілері бейбітшілік жолындағы қауымдастығын қайта құру арқылы дүниеге келген болатын. Ассамблеяның құрамында Азияның 42 Парламенті бар және 16 Парламент бақылаушы болып табылады. Ұйым міндеті бейбітшілік пен әділдікті қалыптастыру жөніндегі парламентаралық ынтымақтастыққа ықпал ету болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік бағасы алаңдатады

Парламент • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар