Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 15-17 ақпанда Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.

Танымал әлемдік саясаткерлер, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері бас қосатын беделді форум дәстүр бойынша жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің ең маңызды мәселелерін талқылады. Конференцияға қатысушылар Таяу Шығыс, Балкан мен Кавказда бейбітшілікті қамтамасыз етудің келешегі пікірсайыстың басты назарында болды. Жекелеген сессиялар халықаралық сауда, қару-жарақты бақылау, климат өзгерістері мен кибертехнологияның қауіпсіздік жағдайына әсеріне арналды.
Конференцияда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, парламенттер төрағалары, халықаралық ұйымдардың көшбасшылары, ықпалды сарапшылар сөз сөйледі. Сенат Төрағасы бірқатар панельдік сессияларға және «Трансұлттық қауіпсіздік» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысты.
17 ақпанда Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясымен орайлас өткен жоғары деңгейдегі халықаралық инвесторлар қатысқан дөңгелек үстелге қатысты. Сенат Төрағасы трансұлттық 20-дан астам ірі қаржы компанияларының басшылары қатысқан шарада Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Оның сөзінде бизнес ахуалды одан әрі жақсартудағы Қазақстанның бағыт-бағдарына баса назар аударылды. Қ.Тоқаев біздің еліміз 300 миллиард долларға жуық сомаға шетелдік тікелей инвестиция тартқанын хабаралады. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған заңнамалық шаралар дәйекті түрде жүзеге асып келеді. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға мақсатында Тікелей инвестициялар қоры құрылады. Дүниежүзілік Doing Business банкінің рейтингі бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 28-ші орынға шықты.
Қ.Тоқаев тау-кен, металлургия, мұнайгаз, энергетика, көлік және ұлттық экономиканың алдыңғы қатардағы басқа да кәсіпорындар активтерін жаппай жекешелендіру жоспары туралы хабарлады. Төраға инвесторларды Еуразиялық экономикалық одақ, Қытай, Орталық Азияның ауқымды нарықтарына бағдарланған өнімдер өндіруге арналған алаң ретінде Қазақстанның мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.
Қ.Тоқаев атап өткендей, Қазақстан экономиканы жедел жаңғырту, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу бағытына бет алды. Кездесуге қатысушылар «Нұрлы жол» стратегиясын іске асырудың арқасында біздің еліміздің көлік-транзит әлеуеті елеулі түрде ұлғайғанына, трансқұрлықтық жаңа теміржолдың, халықаралық автомобиль және теңіз жолдарының іске қосылуына ерекше назар аударды.
Төраға жасыл, исламдық және инновациялық қаржы құралдарын дамытудың аймақтық орталығы болуға барлық мүмкіндіктері бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына тоқталды. Бұл кездесуге «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысты.
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар