Үкімет • 19 Ақпан, 2019

Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жол карталары бекітілді - Жеңіс Қасымбек

310 реткөрсетілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты.

«2018 жылы Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша Министрлік 7 модельдік фабрикада аудитті аяқтады және оларды цифрландыру үшін жол карталарын бекітті. Әр кәсіпорынға шамамен 30 іс-шара ұсынылды. 2018 жылы екі модельді фабрикада іс-шараның бір бөлігі ойдағыдай енгізілді. Олар: «Химфарм» Акционерлік қоғамы мен «Евразиан фудс»Акционерлік қоғамы», деді Министр.

Сонымен қатар Министр 2018 жылы «Өскемен титан-магни комбинаты» Акционерлік қоғамына өндіріс балансын қалыптастыру және есептеу жүйесі енгізілді. Экономикалық тиімділік шамамен 300 млн тенге болады, деп болжануда екенін айтып өтті. Сондай-ақ «Maker» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі машина жасау өндірісінде тау-шахта жабдықтарына қызмет көрсету және кез келген күрделі металл конструкцияларын өндіру бойынша жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Министр өз баяндамасында «Ақтөбе мыс компаниясы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байыту фабрикасы толық автоматтандырылған өндірістік циклға көшу арқылы жаңғыртылғанын айтты. Жоғарыда аталған жобаларды есептегенде экономикалық тиімділік 20 миллиард теңгеден асты. Биыл «Казцинк» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.  Олар:

  • «Полиметалл Жәйрем» жобасы аясында жоғары автоматтандырылған байыту фабрикасын салу; «Жаңа металлургиялық баланс» өндірістік деректердің бірыңғай базасын енгізуді қарастырады
  • 2025 жылға қарай экономикалық тиімділік 630 млн теңгені құрайды.;
  • «Тау-кен өндірісін жоспарлау мен бюджеттеудің автоматтандырылған жүйесі (RPM)»; 2021 жылға қарай экономикалық тиімділік 450 млн теңгені құрайды.

«Сонымен қатар, өңірлердің өнеркәсіп өндірістерін цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Министрлік пен әкімдіктер бірлесіп орта және ірі өнеркәсіп нысандарына цифрлы технологияларды енгізу жөніндегі жол картасын бекітті. 2018 жылы 47 кәсіпорында цифрландыру жобалары іске асырылды. Биыл 100-ден астам кәсіпорынды цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасатын болады», деді Министр өз баяндамасында.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар