«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 млрд теңге көлемінде отандық кәсіпорындарға қолжетімді кредит берудің ерекше шарттары мен тетігі анықталды, оның 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне бағытталады. Жаңа қаржыландыру жүйесі жақын жылдары аталған тауарлар бойынша импорт үлесін 14-15% - ға төмендетуге мүмкіндік береді», деді Министр.
Министр бұл шаралар қазақстандықтар күн сайын пайдаланатын 250-ге жуық халық тұтынатын тауарлар өндірісін іске қосуға және ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Бұның қатарында жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өнеркәсібі, сондай-ақ құрылыс материалдары бар.