Әлем • 02 Наурыз, 2019

Пәкістанның үстінен ұша алмайсыз

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның Азаматтық Авиация Әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, елдің әуе кеңістігі 2019 жылдың 4 наурызына дейін жабық болып қала береді, деп xабарлайды «Эйр Астана» авиакомпаниясы.

Пәкістанның үстінен ұша алмайсыз

Осы тығырықтан шығу жолы ретінде «Эйр Астана» әуекомпаниясы Үндістанға барып-келетін ұшақтарын Оман патшалығында жанармай құюға қондыру арқылы альтернативті маршрут бойынша ұшуларды жүзеге асыруға келісімге келді. Альтернативті маршрут 2-5 наурыз аралығына дейін сақталады. Ұшу ұзақтығы Алматы-Дели бағыты бойынша 9 сағат 15 минут, ал Дели-Алматы бағыты бойынша 9 сағат 25 минут болады. Бүгін KS907 ұшағының алғашқы рейсі таңертең сағат 9: 30-да  ұшып кетті. Әрі қарай рейстердің жай-күйін www.airastana.com сайтында немесе компанияның қоңырау шалу орталығында +77272444477 білуге болады.
 
Делиден ұшып кетуші жолаушыларға авиабилеттерге тапсырыс беру үшін колл орталығына хабарласу ұсынылады.